ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Тамыз 2018
Д С С Б Ж С Ж
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

2016 жылғы 6 - аптада (04.02-10.02.2016ж.)ЖРВИ-мен және тұмауменсырқаттанушылықөткен аптамен салыстырғанда 7,9%-ға төмендеді, сонымен қатар  14 жасқа дейінгі балалар менжүкті әйелдер арасындасырқаттанушылықсәйкесінше 4%-ғажәне 8,7% - ға артты.  

Осы аптадағы сырқаттанушылықты бақылау деңгейі артқанжок.

Сөйтіп, халық арасында апта сайынғы ЖРВИ-мен және тұмауменсырқаттанушылық көрсеткіші, 100 мың адамға шаққанда,253,0, есептік эпидемиологиялық көрсеткіш255,2 құрады. Сырқаттанушылықты бақылау деңгейінің артуы Қостанай (2,3 есе), Солтүстік Қазақстан (1,9 есе), Шығыс Қазақстан (24,7%-ға), Павлодар (23,4%-ға), Ақмола (7,3%-ға)  облыстарындажәне Астана қаласында (8,5%-ға) байқалды.  

ЖРВИ-мен ауырғандардың негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар құрап отыр - 64,8% (28 962 жағдай), оның ішінде  апта ішінде 1 жасқа дейінгі балалар арасында 3536 ЖРВИ жағдайы тіркелді, жүкті әйелдер арасында 1263 жағдай тіркелген, олардың үлес салмағы жалпы құрылымда 7,9% және сәйкесінше 2,8% құрайды.

Осы аптада алдынғы өткен аптамен саластырғандаЖРВИ-мен және тұмаумен ауырып емделуге жатқызылған науқастарсаны 5,7%-ға төмендеді (3458жағдай, ал өткен аптада 3669 жағдай), оның ішінде жүкті әйелдер арасында – 2,5%-ға (664, ал өткен аптада 681жағдай), 1 жасқа дейінгі балалар арасында- 4,3%-ға(919,ал өткен аптада 961 жағдай)төмендеген.

2015 жылғы 1 қазаннан  2016 жылғы 10 ақпанға дейінгі аралықта ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылық2014-2015 жж. өткен эпидмаусымның осы кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға  айтарлықтай артқаны байқалды.Сонымен қатар, 14 жасқа дейінгі балалар арасында –3,9%-ға,1 жасқа дейінгі балалар арасында –2,9%,-ғасырқаттанушылықтын төмендегені байқалды, жүкті әйелдер арасында сырқаттанушылық 35,9% -ға артқаны(7771ал өткен аптада 5719 жағ.) байқалды.

Елдегі вирусологиялық зертханалардың деректері бойынша Қазақстан аумағында А және В тұмау вирустарының айналымыанықталды, А тұмау вирусы – 99,8%(оның ішінде: субтипА/H1N1-09 –88%, A/H3N2 – 12%),Втұмау вирусы  – 0,2% басым болды.

Тұмау вирустарымен қатар республика аумағында аденовирус, риносинтициалды,паратұмау вирусы және т.б. өзге де тұмау емес вирустардың  параллель айналымы анықталды.

Осы эпидмаусымда тұмауға қарсы 1 721 591 адам егілді немесе жалпы республикадағы халық санының 10%-ы.

Адамдардың тұмауға шалдығуы басым болып келеді. Бронхит, пневмония, менингит, энцефалит, пиелонефрит, полиневрит және т.б. сияқты тұмаудың асқынуы өте қауіпті. Асқынулар адамды мүгедектікке әкелуі мүмкін, ауыр жағдайларда өлім-жітімге де алып келеді. Тұмаумен ауырғаннан кейін мынадай созылмалы аурулар күшейіп асқынады: бронхиалдық демікпе, созылмалы бронхит, жүрек тамыр аурулары, зат алмасудың бұзылуын қоздыратын аурулар және т.б.

Осы себептерге байланысты ЖРВИ-дің және тұмаудың алғашқы белгілері мен симптомдары пайда болған жағдайда уақытылы аурудың алдын алып, дереу медициналық көмекке жүгінген өте маңызды.

ЖРВИ және тұмау ауруларының алдын алу мақсатында вакцинациядан басқа мынадай қарапайым ережелерді сақтау керек: ЖРВИ-мен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болмау, науқастармен қарым-қатынаста болған кезде бет перде тағу, қолды сабынмен немесе антибактериалды заттармен (құрамында спирті бар ерітінділер)жуу, жөтелгенде және түшкірген кезде бір рет қолданылатын қол орамал немесе майлық қолдана отырып, ауыз бен мұрынды жабу, кір қолмен көзді, мұрынды және ауызды ұстамау, адамдар көп жиналатын жерлерге (жиналыстар, кездесулер, ойын-сауық және спорттық іс-шаралар және т.б.) бармау, үнемі үй-жайды желдету, салауатты өмір салтын жүргізу (толыққанды ұйықтау, таза ауа, белсенді демалыс, дәруменге байтағамдардыңүйлесімді болуы). Жоғарыда көрсетілген спецификалық емес алдын алу шаралары организмге кезкелген инфекциялармен күресуде көмектеседі.

Аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде дені сау адамдармен қарым-қатынасты шектеу керек, ауру басталғаннан 7 күн бойы үйде болу қажет,  күнделікті жеке гигиена шараларын сақтау және учаскелік дәрігердің ұсынымдары бойынша ертерек емделуді бастау үшін дәрігер шақыру.

Өзін - өзі емдеу тұмаудың асқынуына алып келетіндігін есте сақтаңыз!

 

 

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ