ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Атырау  облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау  органдары мен

ұйымдарының  2015 жылғы жұмысы  қорытындылары пресс-релиз

 Облыстың тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі саласының 2015 жылдағы жұмысының негізгі басым бағыттары Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.НазарбаевтыңБес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамды іске асыру және Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын сала алдындағы міндеттерді жүзеге асыру  мен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған  «Саламатты Қазақстан»  және басқа да халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған  мемлекеттік бағдарламаларын орындау, қолданыстағы заңдылықтар талабы шеңберінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жұмыстарын жүзеге асыру және облыс тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын одан әрі жақсарта түсу болды.

Осы мақсаттарда бірқатар ұйымдастыру жұмыстары мен практикалық шаралар жүзеге асырылды.

Сала органдарымен жыл ішінде әртүрлі деңгейдегі атқарушы және мемлекеттік органдарға 595 ақпараттар, анықтамалар, талдаулар және олардың негізіндегі ұсыныстар жіберілді, олардың ішінде әртүрлі деңгейдегі жергілікті әкімдіктерге 90 санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы талдаулық мәліметтер беріліп, олардың 79-ы (88,0%) бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Денсаулық сақтау ұйымдарына 341 анықтамалар ұсыныстарымен жолданып, олар бойынша  42  алқа және медициналық кеңестердің қаулылары мен  шешімдері қабылданды, басқалары бойынша тиісті шаралар алынды.

Өткен жылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамалық актілерге (ҚР«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстері, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау мен тексерулер туралы» Заң), объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларға үлкен өзерістер енгізілуіне байланысты жұмыстың басты бағыттарының бірі осы өзгерістер туралы халық, әсіресе кәсіпкерлік субъектілері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.

Осы мақсатта басқа ведомстволар қызметкерлерімен  және кәсіпкерлік субъектілерімен жергілікті атқарушы органдармен, Атырау облысы кәсіпкерлер палатасымен және оның аудандық бөлімдерімен бірлесе отырып 302 семинарлар,конференциялар және кездесулер өткізілді.

  Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау. Мемлекеттік

қызмет көрсету

         2015 жыл ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарына 339 жеке және 628 заңды тұлғалардан өтініштер-барлығы 967 өтініштер, оның ішінде 107 шағым түсіп, олардың 948-і немесе 98,0% қаралып, 769-ы немесе 81,1% толық немесе ішінара қанағаттандырылды, 145-і немесе 15,3% бойынша түсінік берілді, 17-і немесе 1,8% бойынша негізді себептермен қанағаттандырылудан бас тартылды.

         Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жақсарды. Барлығы 2414 рұқсат беру құжаттары (санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар) берілді, олардың 1143-і (47,3%) объектілерге, 1271-і (52,7%) жобаларға берілген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар

Барлық берілген рұқсат беру құжаттарының 597-і немесе 25,0% электрондық түрде («Е-лицензиялау», «Мемсараптама» электрондық ақпараттық жүйелері арқылы),  9,3%-ы халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) көрсетілді, ал жобалар сараптамасы бойынша мемлекеттік қызметтің 39,5%-ы электрондық түрде, 17,7%-ы- халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілді.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай жасау, кедергілерді және рұқсат беру құжаттарын азайту мақсатындағы заңдылықтарға енгізілген өзгерістерге байланысты 2015 жылы берілген осындай құжаттардың саны 2014 жылмен салыстырғанда 3828-ден 2414-ке дейін немесе 37,0% -ға азайды.

                                             Тексерулер 

2015 жылы  кәсіпкерлік субъектілеріне жоспарлы тексерулер жүргізілген жоқ. Мемлекеттік мекемелерге 87 тексеру жоспарланып, 84-і (96,7%) орындалды, олардың 72-де (85,7%) бұзушылықтар анықталды.

       Бұдан басқа, өтініштер мен арыз-шағымдар, прокуратура органдарының тапсырулары бойынша барлығы 858 жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, олардың 330-да немесе 38,5% бұзушылықтар анықталып, 388 әкімшілік айып пұл түріндегі шаралар қолданылды.      

Тексерулер нәтижелерімен алынған әкімшілік шаралар. 

       2015 жыл қорытындысымен  жалпы сомасы 13.665.890 теңгені құрайтын 388 әкімшілік айып пұл салынды, олардың  13.348.950 теңгесі 97,7% өндірілді.

       Бұдан басқа, тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарының хаттамалары негізінде сот орындарымен 7.333.400 теңгеге айып пұл салынды, яғни барлығы 20.682.350 теңгені құрайды.

       Сонымен қатар, санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар талаптарын бұзғандығы үшін 59 іс сот орындарының қарауына жіберіліп, олардың 52-і қаралып, тиісті шаралар алынды, 32 объектінің, оның ішінде 26 объектінің жұмысы техникалық регламенттер талаптарын бұзғандығы үшін сот шешімдерімен уақытша тоқтатылды, 61 адам уақытша жұмыстан шеттетілді.

      Санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар талаптарын бұзушылықтарды болдырмау және жою туралы 373 санитарлық  ұйғарымдар беріліп, олардың 349-ы   (93,6 %) орындалды.

Эпидемиологиялық жағдай 

Облыс аумағында 2015 жылда  аса қауіпті, карантиндік инфекциялар, полиомиелит, көкжөтел, қызамық, сіреспе, эпидемиялық паротит, қырылдауық, іш сүзегі  сияқты жұқпалы аурулар, топтық тамақтан улану фактілері тіркелген жоқ.

Жалпы есепке алынуы тиіс 61 жұқпалы аурулардың 37-і облыс аумағында тіркелген жоқ, 14 нозология бойынша жұқпалы аурулармен аурушылық деңгейі 2014 жылмен салыстырғанда төмендеді, ал аурушылық деңгейінің өсуі 10 нозология бойынша орын алды.

Сонымен қатар, аурушылық деңгейі 17 нозология бойынша орташа республикалық деңгейден төмен болды. 

Жіті ішек ауруларыоблыс көлемінде 2014 жылмен салыстырғанда сол деңгейде болды. Барлығы 405 жіті ішек ауруы тіркелді, 100,0 адамға шаққандағы ауру көрсеткіші – 70,4 құрады ( Республикалық көрсеткіш – 75,8). 

Облыс бойынша вирустық гепатитермен аурушылықты төмендету бойынша «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының индикаторлық көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Осы бағдарламаға сәйкес 2015 жылға қарай «А» вирустық гепатитімен аурушылық көрсеткішін 100,0 мың адамға шаққанда 39,2, ал «В» вирустық гепатитімен аурушылықты 3,4 –ке дейін төмендету көзделсе, Атырау облысында бұл көрсеткіштер сәйкесінше 1,7 және 0,4 құрады.  

Облыс бойынша 1 жасқа дейінгі балаларды вирусты гепатит «В» - ға қарсы екпемен қамту – 97,5%, көкжөтел, қырылдауық, сіреспеге, гемофильді жұқпаға қарсы екпемен қамту – 97,1%, сал ауруына қарсы екпемен қамту көрсеткіші –  97,1% құрайды.   

Өткен жылы Атырау облысы аумағында қызылшаның 91 жағдайы тіркеліп, аурушылық 17,8 есе жоғарылады. 2015 жылдың 1 қазаннан бастап қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмысы қайта жалғастырылып облыс бойынша  қызылшаға қарсы жаппай екпемен қамтылмай қалған  12056 адамның 11 592  (96,1%) екпемен қамтылды.  Екпеден кейінгі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.

Облыс бойынша жіті респираторлы вирустық жұқпалар 2014 жылмен салыстырғанда 27,4 пайызға төмендеді.

         2015 жылы тұмау аурушаңдығының 46 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 11 жағдай.

Тұмауға қарсы күрестің ең тиімді әдісі ретінде 2015 жылы облыс бойынша халықтың 10,8%-ын егумен қамтуға қол жеткізілді (талап 10%-дан кем емес).

Облыс  бойынша  2015 жылы жедел  бруцеллездің  25 жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 4,2 құрады. Бруцеллезбен аурушылықтың 13 жағдайы Қызылқоға ауданында, 12 жағдайы   Индер ауданында тіркеліді.

         Атырау облысында 2015 жылдың қорытындысымен туберкулезбен жаңадан анықталған  462 науқас тіркелді (2014 ж. – 487). Аурушаңдық көрсеткіші 100,0 мың тұрғынға шаққанда  78,8 құрады (2014 ж. – 84,9), республикалық көрсеткіш – 59,4, яғни 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 7,2 % -ға азайды.

Тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету және одан уланудың алдын алу мақсатында көлемді іс-шаралар жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, тамақ  өндіру,қоғамдық  тамақтандыру орындарына ХАССП жүйесін енгізу 21 объектіде ( Атырау қаласы-17,  Жылыой -2, Мақат – 1 және  Махамбет  ауданы бойынша -1 объект) жоспарланып, жоспарланған нысандарға ТҚҚ басқармаларымен ХАССП жүйесі 100,0% енгізілді.

Көктемгі-жазғы маусымда  халық арасында жаппай тамақтан улану және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсаттағы іс шаралар туралы облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қаулысы қабылданды.   

Жоспардан тыс тағам қауіпсіздігіне зертханалық қадағалау  және қызметкерлерді кенеттен тыс бактериологиялық тексеру жұмыстары жүргізілді.

       2015 жылы мектепке дейінгі, балалар және білім беру ұйымдары объектілерінің санитарлық-гигиеналық жағдайы жақсарды. 

  2015 жыл ішінде Комитеттің 26 тапсырмасы негізінде 205 сауда объектілерінен, арнайы бөлінген қаржыға 835 өнім түрі сатып алынып, сараптама жасалды. Олардың 416-ы немесе 50,0% талапқа сәйкес емес болып анықталды.

 Олардың  ішінде 537 тамақ сынамалары  алынып, олардың 335 сынаманың  немесе 62% техникалық регламенттер талаптарына сәйкес еместігі анықталса, олардың 308-і немесе 57% таңбалану талаптарына, 51 сынама (10%) эпидемиологиялық қауіпсіздік көрсеткіштеріне (бактериологиялық ластанған), ал 75-і (14%) физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша сәйкес еместігі орын алды.

Анықталған ауытқушылықтар бойынша 168 нұсқама беріліп, орындалуы тексерілді. Қорытындысымен 3266 кг өнім жойылып, 4420кг өнім саудадан түсіріліп, жеткізушілерге қайтарылды.

Берілген нұсқамалардың орындалмау фактілері бойынша Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462 бабының 3 бөлігіне сәйкес 46 іс Атырау  қалалық  мамандандырылған сотына жолданды. Олардың 28 ісі бойынша сотпен 7 млн 333.400 тенгеге айыппұл салынып, 26 объект жұмысы 224 күнге уақытша тоқтату туралы қаулысы шығарылды.

Өткен жылы  Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау" туралы Заңына сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған  нақты жұмыстар атқарылды.

   Облыс бойынша 2015 жылы  құқықтары бұзылған  тұтынушылардан 50 жазбаша түрдегі және "қауырт желі" телефондарына  348 қоңырау шалу арқылы,жалпы  саны 398 өтініштер мен арыз-шағымдар түсті.

Олардың  240-ы немесе 61,3 % бөлшек сауда саласы, 53-і немесе 14,3 % тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласы, 42 –і немесе  11,2 % тұрмыстық қызмет көрсету саласы, 24-і немесе  6 % өтініштер қоғамдық тамақтану саласы, 23-і немесе 5,7 %  өзге салалар бойынша болды.

Алғаш рет департамент жанынан Консультативтік  орталықтың жұмысы  ұйымдастырылып, жыл ішінде  241 тұтынушы Консультативтік  орталықтың көмегіне жүгінді. Олардың ішінде 149 адамға консультативттік кеңес берілді, 67 адамға жазбаша түрде талап-арыз қоюға әдістемелік көмек көрсетілді, 25 адамға сотқа жүгіну үшін талап-арыз жазуға және басқа құжаттарын жасақтауға көмек көрсетілді.

Атырау облысының Құрманғазы ауданы әкімдігі алқасында  2015 жылдың қорытындысымен ауданда қалыптасқан санитариялық-эпидемиологиялық  ахуал талқыланды

 

        Алқа мәжілісіне Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы Ө.З.Зинуллин, аудандық мәслихаттың хатшысы,аудан әкімінің орынбасарлары, округ, село,ауыл әкімдері, аудандық білім, коммуналдық-шаруашылық, ветеринариялық, ішкі істер, кәсіпкерлік палатасы бөлімдерінің, денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатынасты.

Алқа мәжілісінде күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндамамен және ұсыныстармен аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы, аудандық білім бөлімінің басшысы, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері сөз сөйледі. 

Қортынды сөзбен Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы Ө.З. Зинуллин сөз сөйледі.

Мәжілісте аудан аумағындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартудың 2016 жылдағы басты бағыттары айқындалып, оларға халықтың туберкулезбен аурушылығының алдын алу, оның ішінде туберкулезбен ауруларға әлеуметтік көмек көрсету, құтыру ауруның алдын алу шараларын жақсарту, елді мекендердің  санитарлық жағдайын жақсарту, кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында тағам және басқа тұтынушылық өнімдердің қауіпсіздігі  туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту жатқызылды. 

Мәжіліс қортындысымен алқа мәжілісінің қаулысы қабылданды. 

Атырау облысының Махамбет ауданы әкімдігі алқасында  2015 жылдың қорытындысымен ауданда қалыптасқан санитариялық-эпидемиологиялық  ахуал талқыланды

 

        Алқа мәжілісіне Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы Ө.З.Зинуллин,аудандық мәслихаттың хатшысы,аудан әкімінің орынбасарлары, округ, село,ауыл әкімдері, аудандық білім, коммуналдық-шаруашылық, ветеринариялық, ішкі істер, кәсіпкерлік палатасы бөлімдерінің, денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатынасты.

Алқа мәжілісінде күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндамамен және ұсыныстармен аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы, аудандық  коммуналдық –шаруашылық, ветеринария бөлімдері басшылары, ауданаралық туберкулезбен күрес ауруханасының бас дәрігері сөз сөйледі. 

Қортынды сөзбен Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы Ө.З. Зинуллин   сөйледі.

Мәжілісте аудан аумағындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартудың  басты бағыттары ретінде диспансерлік есептегі балаларды жазғы сауықтыруды ұйымдастыру, халықтың туберкулезбен аурушылығының алдын алу, оның ішінде туберкулезбен ауруларға әлеуметтік көмек көрсету, құтыру ауруның алдын алу шараларын жақсарту, елді мекендердің  санитарлық жағдайын, оның ішінде халықты сапалы және қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту, кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында тағам және басқа тұтынушылық өнімдердің қауіпсіздігі  туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту айқындалды. 

Мәжіліс қортындысымен алқа мәжілісінің қаулысы қабылданды. 

 

 

 

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ