ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

2016 жылғы қаңтар айында республика бойынша жұқпалы және паразиттік аурулардың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты.

Республика бойынша биылғы жылдың қаңтар айын 2015 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 17 жұқпалы және паразиттік аурулармен сырқаттанушылық төмендеді, оның ішінде:  қызылша  37,4 есеге, жіті вирусты гепатиттер 21,9 % (соның ішінде жіті вирусты А гепатиті 27,6%-ға, жіті вирусты В гепатиті 8 жағдайға), созылмалы вирусты гепатиттер 6 жағдайға  (соның ішінде созылмалы вирусты В гепатиті дельтасыз  12,2%-ға), туберкулез  14,2%-ға (тыныс алу органдарының туберкулезы 13,3%-ға), менингококкты инфекция 4,2 есеге, сальмонеллезды инфекция 6 жағдайға, іріңді менингит  4 жағдайға, эпидемиялық паротит 3 жағдайға, бруцеллез 4 жағдайға, жіті ішек инфекциясы 3 жағдайға, геморрагиялық қызба 2 жағдайға, қышыма 16,1%-ға, эхинококкоз 15,7%-ға, сифилис 5,1%-ға.

Республика бойынша осы кезең ішінде халық арасында қызамық, тырысқақ, оба, іш сүзегі, туляремия, функционалдық күл ауруы, полиомиелит, лейшманиоз, листериоз, күйдіргі, скарлатина, сіреспе, вирусты Е гепатиті, риккетсиоз, кене энцефалиті, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, Денге қызбасы, эпидемиялық   паротит, иерсиниоз аурулары тіркелмеген.

Сонымен қатар, республика бойынша талданып отырған кезеңде бактериялдық  тағамдық уланулар 31,8%-ға (соның ішінде ботулизм 8 жағдайға), педикулез 12,3%-ға, С гепатиті  6 жағдайға, созылмалы вирусты В гепатиті дельтамен 3 жағдайға, созылмалы вирусты С гепатиті 3,6%-ға, көкжөтел 2 жағдайға, құтырма 2 жағдайға, дифтерия қоздырғышы тасымалдаушылық 1 жағдайға, бактериялдық расталған шигеллез 1,6 есе, бактериялдық дизентерия 1,5 есе, дизентерияның қоздырғышын тасымалдаушылық 1 жағдайға, энтериттер 1 жағдайға артып отыр.

Безгек ауруының сырттан әкелудің бір жағдайы тіркелді.

 

 

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ