ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

«Санитарлық-эпидемиологиялық  аудиттің  негізі  және ұстамдары туралы» тұсаукесер  рәсімі  өткізілді

        Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігінің тұтыныушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ұлттық сараптама орталығының шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық кәсіпорнының Атырау облысы бойынша филиалы, Атырау қаласының  және Атырау облысының тұтынушылырдың құқықтарын қорғау департаметінің қатысуымен бірге 2016 жылдың ақпан айының 17 жұлдызында Қазақстан Республикасы Атырау облысының  орталық коммуникациялар қызметінің ғимаратында, Атырау облысының бұхаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен Атырау қаласының жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғаларының қатысыумен «Санитарлық-эпидемиологиялық  аудиттің  негізі  және ұстамдары туралы» тұсаукесер  рәсімі  өткізілді ( 2015 жылдың қазан айынан бері- 3-і рет).

      Сонымен, қатар тұсаукесер рәсімінде санитарлық-эпидемиологиялық аудиттен өткен жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға санитарлық-эпидемиологиялық аудит өткізілген туралы арнайы сертификаттар тапсырылды.      

 

    2015 жыл қорытындысымен Қызылқоға ауданындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және 2016 жылға негізгі міндеттер.

         2016 жылдың 25-ші ақпанында Миялы селосында Қызылқоға ауданы әкімі М.С.Мұқановтың төрағалығымен «2015 жыл қорытындысымен Қызылқоға ауданындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және 2016 жылға негізгі міндеттер» тақырыбында алқа мәжілісі өтті.

       Алқа мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, Атырау облысы ТҚҚ департаменті басшысының орынбасары А.Т.Жұмағалиев, ҚР ҰЭМ ТҚҚК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалының директоры Р.Қ.Шарипов, Қызылқоға аудандық ТҚҚ басқармасы, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалының аудандық бөлімшесі, малдәрігерлік қызметі, әлеуметтік қамту бөлімшесі, «Қазсушар» учаскесі, аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық орталық аурухана, туберкулезге қарсы күрес диспансері басшылары, ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

        Негізгі баяндаманы Қызылқоға аудандық ТҚҚ басқармасының басшысы А.Б.Аймұратова жасады.Сонымен қатар аудандық ветеринариялық бөлім басшысы С.Қ.Латиев,білім бөлімі басшысы  А.О.Бағдаров орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары А.Ө.Бисенова тыңдалды.

               Қорытынды сөз алған Атырау облысы ТҚҚ департаменті басшысының орынбасары А.Т.Жұмағалиев халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салуаттылығын қамтамасыз ету бағытында, яғни бруцеллездің, туберкулездің эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыру, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге ерекше назар аудару және кемшіліктерді жою шараларын алу туралы атап өтті.

                     Алқа мәжілісінің қорытындысымен барлық мүделлі мекемелер мен ұйымдарға ауданда санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және 2016 жылы тиісті шараларды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу туралы нақты тапсырмалар берілді.

 Атырау қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының 2015 жылғы жұмысының қорытындысы мен 2016 жылға арналған міндеттері туралы кеңейтілген мәжіліс өткізілді.

           Атырау қалалық тұтынушылардың құқықтарын  қорғау басқармасы басшысы Т.С.Мусагалиевтің қатысуымен   2016 жылдың 25 Ақпан күні   «Атырау қалалық әкімшілігі» кіші залында Атырау қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының 2015 жылғы жұмысының қорытындысы мен 2016 жылға арналған міндеттері туралы кеңейтілген мәжіліс өткізілді. 

      Мәжіліске Атырау қаласының әкімі, Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің басшысы, қалалық білім бөлімінің басшысы,  Атырау облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы, Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасы,Атырау қалалық ТЖ басқармасы, ІІБ басқармасы,  калалық кәсіпкерлік бөлім өкілдері қатысты.

            Мәжілісті Атырау қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысы Т.С.Мусагалиев ашты,  және де 2015 жылы Атырау қаласындақалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.

    Атырау қаласының әкімі Н.Ж.Ожаев  Қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы  басшысы Т.С. Мұсағалиевтың Атырау қаласында   2015 жылы  қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы   баяндамасын тыңдап және талқылап, қалалық әкімият 2016 жылдың 25 Ақпанында  «2015 жылы Атырау қаласындақалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы»  қаулы шығарылды.

 

 Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті «2015 жыл қорытындысымен Атырау облысы аумағындағы табиғи-ошақты, антропозооноздық аурулардың жағдайы және 2016 жылы бірлесіп атқарылатын жұмыстар туралы» дөңгелек-үстел ұйымдастырылды.

              2016 жылдың 26 ақпанында  Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті «2015 жыл қорытындысымен Атырау облысы аумағындағы табиғи-ошақты, антропозооноздық аурулардың жағдайы және 2016 жылы бірлесіп атқарылатын жұмыстар туралы» дөңгелек-үстел ұйымдастырылды. «Дөңгелек-үстел» Атырау облысы ТҚҚ департаменті басшысы Ө.З. Зинуллиннің төрағалығымен өткізілді.

 Аталған шараға ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы, «Республикалық ветеринарлық зертхананың» облыстық филиалы, Атырау облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, ҚР ҰЭМ ТҚҚК «Ұлттық сараптама орталығы» Атырау облысы филиалының, облыстық  Ветеринариялық басқармасының, Атырау обаға қарсы күрес станциясының, қалалық ТҚҚ басқармасының басшылары мен мамандары қатысты.

             Атырау облысы ТҚҚ департаментінің карантинді және аса қауіпті жұқпалы ауруларды эпидқадағалау бөлімінің басшысы Ө.С. Апуовтың,  ҚР АШМ Ветериарлық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары С.Х. Бисенованың, облыстық Ветеринариялық басқармасы басшысының орынбасары А.С.Айтқалиевтың, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы М.П. Шалхаровтың, «Республикалық ветеринарлық зертхананың» облыстық филиалы зертханасының меңгерушісі Г.Ж. Жұмабаеваның,  Атырау обаға қарсы күрес станциясының басшысы Т.Х. Хамзиннің баяндамалары тыңдалды.

      Атырау облысының аумағы оба, құтыру, түйнеме, бруцеллез бойынша қолайсыз болып  саналады. 2015 жыл қорытындысымен  обаның, құтырудың, түйнеменің эпидемиологиялық жағдайы қолайлы қалыптасты.

                Обаның табиғи ошақтары облыстың барлық аудандарында бар.

           Атырау обаға қарсы күрес станциясымен 2015 жылдың көктем айында жоспарлы тексеріс кезінде Құрманғазы ауданының (Еділ-Жайық құмды ошағы) және Жылыой ауданының (Үстірт алды дербес ошағы) аймақтарында  351 шаршы км. аумақта кеміргіштерден серопозитивті нәтижелер анықталды.  

                 Бұл Жылыой, Құрманғазы аудандарында обаның ошақтарының жандануы мүмкіндігін көрсетеді.  

 Атырау облысы эпидемиологиялық қауіптілігіне байланысты тырысқақтан бірінші типке жатады. 

      2015 жылдың маусым айында ашық су көздеріне жоспарлы тексеріс жүргізу барысында Атырау обаға қарсы күрес станциясының Махамбет обаға қарсы күрес бөлімшесі бактериологиялық зертханасымен Жайық өзенінен 4 (О1) тырысқақ қоздырғыштары анықталды.

          Халық арасында обаның, тырысқақтың аурушаңдығын алдын алу мақсатында эпидмаусым алдында ұйымдастыру-әдістемелік және санитарлық-ағарту шараларын жүргізу қажет.   

              Облыс бойынша 2015 жылы жануарлардың тістеуі, сілекейлеуі, әртүрлі дәрежедегі жарақаттауынан зардап шеккен 1327 адам  медициналық көмекке жүгінген.

              Жануарлардың арасында құтырудың 6 жағдайы расталды, оның ішінде ірі қара малы – 3, қой-ешкі – 2, ит - 1. Қолайсыз елді-мекендер Құрманғазы, Индер, Қызылқоға, Исатай, Махамбет аудандарында тіркелді.  Қызылқоға, Исатай, Индер, Махамбет аудандарында 2014-2015 ж.ж. құтырудың эпизоотологиялық жағдайының тұрақсыздығы орын алды. Осы аудандардың аумағы құтыру вирусының табиғи көздері – түлкілер, қарсақтар, қасқырлардың, және құтыру эпизоотиясына ең бірінші ұшырайтын иттердің тіршілік етуіне қолайлырақ болып тұр.

               Жабайы жануарларға қарсы вакцинамен жемді тарату көлемі 2015 жылы қысқартылды.  Ретроспективті мәліметтерге сәйкес Жылыой, Исатай аудандарында жүргізілген. Облыс аумақтарындағы құтырудың эпизоотологиялық жағдайының тұрақсыздығынан адамдардың жұқтыру қауіптілігі жоғарылап отыр. Сондықтан жабайы жануарларды құтыруға қарсы вакцинациялау мәселесін облыстың барлық аумақтарында шешу қажет.

        Облыста 2015 жылы жедел бруцеллезбен 25, оның ішінде Индер ауданында – 12, Қызылқоға ауданында – 13 науқас анықталды. Қолайсыздық жеке иеліктегі қой-ешкі малдарымен байланысты, сондай-ақ ол жедел бруцеллезбен сырқаттанған 23 адамнан қой-ешкі типті қоздырғышының анықталуымен расталды.

    Қызылқоға, Индер аудандарындағы 2015 жылғы бруцеллездің күрделі эпидемиологиялық және эпизоотологиялық жағдайларына байланысты ауылшаруашылық малдарын бруцеллезден сауықтыру  және адамдардың бруцеллезді жұқтыруды болдырмау мәселелерін шешу қажет.

   Малдардың қозғалысын бақылау, ұсақ малдардың бруцеллезінен қолайсыз елді мекендерде шектеу жариялаудың қиыншылықтары, ауру малдың етін өңдейтін кәсіпорындардың болмауы жөнінде негізгі себептері, ауылшаруашылық малдарын бруцеллезге қарсы  егуді жүргізу туралы  шешуді қажет ететін мәселелер  болып қалады.

           Атырау облысында геморрагиялық қызбаларды зерделеуді жүргізу мәселесі олардың іргелес елдермен әкеліну мүмкіндігімен ғана емес, сонымен қатар, облыс аймағында да Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, Астрахань кенелік бөртпе қызбасы және т.б. пайда болу мүмкіндігімен өзекті болып отыр.  

             ҚР ҰЭМ ТҚҚК «Ұлттық сараптама орталығы» Атырау облысы филиалының аса қауіпті жұқпалы аурулар зертханасымен ИФА әдісімен 2503 дана иксодты кене (315 сынама) Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына зерттеліп, 9 сынамадан (2,8 %) оң нәтиже анықталды.

        Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи-ошағын іздеу мақсатында Атырау обаға қарсы күрес станциясымен Құрманғазы, Жылыой аудандарында  иксодты кенелер жиналып және зертханалық зерттеумен 2472 дана иксодты кене қамтылып (795 сынама), оның ішінде 16 сынамада оң нәтижелер анықталып, иксодты кенелердің зақымдалуы 2 % құрады.

                 Оң нәтижелер Құрманғазы, Жылыой, Махамбет аудандарында  және Атырау қаласында анықталды.

       Алынған нәтижелер Атырау облысы аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының  табиғи ошағының болуы мүмкіндігін көрсетеді.

         «Дөңгелек  үстел»  қорытындысымен «Атырау  облысы  аймағында 2016 жылға  антрозооноздық  және  табиғи-ошақты  ауруларды  алдын  алудың  негізгі  ұйымдастыру  шараларын  бірлесіп  жүргізу  туралы»  шешім  қабылданды.     

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ