ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Жалпы республика бойынша 2016 жылғы 8 - аптада (18 - 24.02.2016 ж.) ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылық алдыңғы аптамен салыстырғанда 18,8%-ға төмендеді, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттанушылық 11%-ға төмендеген. ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылықтың  төмендегені барлық аймақтарда байқалды, әсіресе Солтүстік Қазақстан (33,3%-ға) және Қостанай (30%-ға) облыстарында айтарлықтай төмендеген.  Сонымен қатар жүкті әйелдер арасында сырқаттанушылық 2,2 есеге артқан.

Осы аптадағы сырқаттанушылықтың бақылау деңгейі жалпы республика бойынша да, аймақтар бойынша да артқан жоқ. ҚР-да тұрғындар арасында апта сайынғы ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылық көрсеткіші, 100 мың адамға шаққанда, 173,9, есептік эпидемиялық кезеңде - 320,6 құрады. 

ЖРВИ-мен ауырғандардың негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар құрап отыр – 66,6% (20 458 жағдай), соның ішінде осы аптада 1 жасқа дейінгі балалар арасында 2683 ЖРВИ жағдайы, жүкті әйелдер арасында 776 жағдай тіркелген, жалпы құрылымда олардың үлес салмағы 8,7% және сәйкесінше 2,5% құрайды.  

Алдыңғы  аптамен салыстырғанда осы аптада ЖРВИ-мен және тұмаумен ауырған науқастардың ауруханаға  жатқызылған саны 6,6%-ға төмендеді (2478 жағдай, ал өткен аптада  2654 жағдай), оның ішінде жүкті әйелдер арасында – 19,7%-ға (407  жағдай,  ал өткен аптада 507 жағдай), 1 жасқа дейінгі балалар арасында- 6,3%-ға  (724, ал өткен аптада  773 жағдай).

2014-2015 жж. өткен эпидмаусымның ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 2015 жылғы 1 қазаннан 2016 жылғы 24 ақпанға дейінгі аралықта республикада ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылық 7,1% -ға, соның ішінде жүкті әйелдер арасында 44,3% -ға артқаны байқалды. Сонымен қатар 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 3,8%-ға төмендегені байқалады.

Қазақстан аумағында еліміздегі вирусологиялық зертханалардың деректері бойынша, А тұмау вирусы – 99,7% (оның ішінде: субтип А/H1N1-09 –88,2%, A/H3N2 – 11,8%), В тұмау вирусы  – 0,3% басымдылығымен А және В тұмау вирустарының айналымы анықталды.

Республика аумағында тұмау вирустарымен қатар аденовирус, риносинтициалды, паратұмау вирусы және т.б. сияқты өзге де тұмау емес вирустардың  параллель айналымы анықталды.

Тұмауға қарсы ағымдағы эпидмаусымда 1 721 591 адам егілді немесе жалпы республикадағы халық санының 10%-ы.

Адамдардың тұмауға шалдығуы басым болып келеді. Бронхит, пневмония, менингит, энцефалит, пиелонефрит, полиневрит және т.б. сияқты тұмаудың асқынуы өте қауіпті. Асқынулар адамды мүгедектікке әкелуі мүмкін, ауыр жағдайларда өлім-жітімге де алып келеді. Тұмаумен ауырғаннан кейін мынадай созылмалы аурулар күшейіп асқынады: бронхиалдық демікпе, созылмалы бронхит, жүрек тамыр аурулары, зат алмасудың бұзылуын қоздыратын аурулар және т.б.

Осы себептерге байланысты ЖРВИ-дің және тұмаудың алғашқы белгілері мен симптомдары пайда болған жағдайда уақытылы аурудың алдын алып, дереу медициналық көмекке жүгінген өте маңызды.

ЖРВИ және тұмау ауруларының алдын алу мақсатында вакцинациядан басқа мынадай қарапайым ережелерді сақтау керек: ЖРВИ-мен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болмау, науқастармен қарым-қатынаста болған кезде бет перде тағу, қолды сабынмен немесе антибактериалды заттармен (құрамында спирті бар ерітінділер) жуу, жөтелгенде және түшкірген кезде бір рет қолданылатын қол орамал немесе майлық қолдана отырып, ауыз бен мұрынды жабу, кір қолмен көзді, мұрынды және ауызды ұстамау, адамдар көп жиналатын жерлерге (жиналыстар, кездесулер, ойын-сауық және спорттық іс-шаралар және т.б.) бармау, үнемі үй-жайды желдету, салауатты өмір салтын жүргізу (толыққанды ұйықтау, таза ауа, белсенді демалыс, дәруменге бай тағамдардың үйлесімді болуы). Жоғарыда көрсетілген спецификалық емес алдын алу шаралары организмге кез келген инфекциялармен күресуде көмектеседі.

Аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде дені сау адамдармен қарым-қатынасты шектеу керек, ауру басталғаннан 7 күн бойы үйде болу қажет,  күнделікті жеке гигиена шараларын сақтау және учаскелік дәрігердің ұсынымдары бойынша ертерек емделуді бастау үшін дәрігер шақыру.

 

Өзін -өзі емдеу тұмаудың асқынуына алып келетіндігін есте сақтаңыз!

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ