ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

15 наурызда Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні атап өтіледі ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Әлиақпар Мәтішев «B-news» агенттігінің алаңында онлайн-конференцияға қатыса отырып, қазақстандық тұтынушылар соңғы уақытта едәуір сауатты және барынша хабардар екендігін атап өтті. Басшы әлеуметтік желілердің маңыздылығын баса айтты, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасының негізгі ережелерін атап өтті және тұтынушылар көп кездесетін бірнеше проблемалы жағдайларға талдау жасады.

Әлиақпар Мәтішев - ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы: «Комитетке 2 жыл, осы уақытта Комитет белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді. Тұтынушылар едәуір сауатты және барынша хабардар екен. Олар өздерінің құқықтарын біледі. Өз ұстанымдарымен олар өндірушіні адал болуға итермелейді. Мүдделерінің теңгерімі: егер мықты тұтынушы болса, тиісінше өндіруші де мықты, бизнес те мықты болады. Егер тұтынушы әлсіз болса, өндіруші де әлсіз болады.»  Комитет төрағасы тұрақты негізде азаматтардың шағымдары мен өтініштеріне мониторинг жүргізілетінін атап өтті. Тұтынушыны қанағаттандырмайтын бірнеше сала бар. Оның бірі – бөлшек сауда. Негізінен, тауардың мерзімінің өтіп кетуі, тұтынушыларды акциялар мен жаппай сату бойынша жаңылыстыру келіспеушіліктерді тудырады.

ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті баспасөз қызметінің деректері бойынша барлық өтініштердің басым көпшілігі бөлшек сауда саласы бойынша келіп түседі – 4066 өтініш, бұл келіп түскен өтініштердің 50%-ін құрайды, екінші орын–ТКШ саласы – 1311 өтініш (16%), тұрмыстық қызметтер саласында – 923 өтініш (11%), көлік қызметі саласында – 575 (7%), қоғамдық тамақтану – 524 өтініш (6%), денсаулық сақтау – 423 (5%), қаржы қызметі – 136 (2%), байланыс қызметі – 124 (1,5%), білім беру – 42 (1%), туристік қызметсаласында – 32 (0,5%) өтініш. Әлиақпар Мәтішев тұтынушылар мен тілшілерді тексерілген деректерді ғана пайдалануға шақырды. Өнімдердің мониторингі туралы, вакцинациялардың кестесі туралы өңірлердегі жұмыстар туралы барлық ақпаратты Комитеттің сайтынан табуға болады.  

Әлиақпар Мәтішев - ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы: «Біз тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысамыз және өзіміздің сайтқа ерекше назар аударамыз. Бұл тұтынушыны хабардар етудің ең қысқа жолы деп пайымдаймыз. Біз мұнда тұтынушы назар аударуы және мұқият болуы тиіс барлық сәйкес келмейтін өнімдер бойыншаүлкен жұмыс жүргіземіз. Сондай-ақ бөлшек сауда желісінің нені сатуға болатынын, нені сатуға болмайтынын білуі үшін күмән тудыратын тауарлар біздің сайтымызда жарияланған. Біз техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргіземіз, нақты ақпарат сонда берілген. Біз қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Біздің елімізде осы тұтынушылардың құқықтарын қорғау бірлестіктерінің едәуір маңызды және белсенді ұстанымы бар.». Сапаның тағы бір критерийі ретінде кәсіпкерлердің саниатриялық-эпидемиологиялық аудиттен өтуін атап айтуға болады. Ведомство басшысы аудит енгізген бизнес ерекше тәртіп бойынша тексеруден босататынын және оған сенім білдіруге болатынын атап өтті. 

Әлиақпар Мәтішев - ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы: «Кім санитариялық аудитті енгізді, куәлігі болса, егер әрбір тұтынушы осы өндірушінің немесе сауда нүктесінің қабырғасында немесе жарнама баннерінде олардың аудитті енгізгендігін көретін болса, осы өндірушіге немесе осы сатушыға сенім білдіруге болады деп атап айтуға болады. Өйткені оның өнімі қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап береді. Аталған өндіруші өз тарапынан егер қандай да бір жағдай болатын болса, тұтынушыға келтірілген барлық қолайсыздық өтелетіні туралы кепілдік береді. Аудиті бар көрсетілетін қызметті беруші бір тұрғыдан өнім сапасының белгісі болады.».  Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы ретінде қазақстандықтарға қандай әмбебап кеңес бересіз деген сауалға жауап ретінде Әлиақпар Мәтішев барлығына «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңды зерделеуді ұсынды және өз құқықтарын қорғаудан қорықпау керектігін атап айтты.

 


Материал взят с сайта Комитета по защите прав потребителей Республики Казахстан
Источник: 
http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=3153 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ