ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

2016 жылдың 10 - аптасында (03.03 – 09.03.2016 ж.) ЖРВИ және тұмау сырқаттанушылығы алдынғы аптамен салыстырғанда 38,3%-ға төмендеді, сонымен қатар  14 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттанушылық 39,2%-ға, бір жасқа дейінгі балалар арасында 37,5%-ға, жүкті әйелдер арасында 36,8%-ға төмендеді. ЖРВИ және тұмау сырқаттанушылығы барлық аумақтарда төмендеген, айтарлықтай төмен көрсеткіш Шығыс-Қазақстан (47,3%-ға), Ақмола (45,6%-ға), Оңтүстік Қазақстан (44,9%-ға), Алматы (42,6%-ға) және Павлодар (40,6%-ға) облыстарында байқалды. 

           Осы аптада республика бойынша сырқаттанушылықтын бақылау көрсеткіштері жоғарлаған жоқ.

Апта сайынғы ЖРВИ және тұмаудың сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 86,0 -ді, есептік эпидемиологиялық көрсеткішті-246,1 құрады.

ЖРВИ-мен ауырғандардың негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар құрап отыр – 66,8% (10 147 жағдай), сонымен қатар ЖРВИ-ң ең үлкен меншікті салмағы 5 жасқа дейіңгі балалар арасында (36,5%-ға) және 5 –тен 14 жасқа дейіңгі топта (30,3%-ға).

Осы аптада алдынғы аптамен саластырғанда ЖРВИмен және тұмаумен ауырған науқастардың ауруханаға  жатқызылған саны 24,6%-ға төмендеді (1583 жағдай, ал өткен аптада  2101 жағдай), оның ішінде жүкті әйелдер арасында – 25,6% (229 ал өткен аптада  308 жағдай), 1 жасқа дейінгі балалар арасында- 21,3% (501 жағдай, ал өткен аптада  637 жағдай).

2015 жылғы 1 қазан мен 2016 жылғы 9 наурыз бергі кезең аралығында ЖРВИ және тұмау сырқаттанушылығы 2014-2015 жж. өткен эпидкезеңімен салыстырғанда 3% жоғарлағаны белгіленеді, сонымен қатар, жүкті әйелдер арасында 46%-ға, 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 6%-ға.

Мемлекеттегі вирусологиялық зертхананың мәліметтері бойынша Қазақстанның аумағында А және В тұмау вирустарының циркуляциясы белгіленген, А тұмау вирусының басымдылығымен – 99,1% (оның ішінде: А/H1N1-09 –85,6%, A/H3N2 – 14,4% субтиптері), В тұмау вирусы  – 0,8% басым болды.

Тұмау вирусымен қатар республика аумағында аденовирус, риносинтициалды басқа тұмау емес вирустардың  параллель циркуляцисы белгіленді, парагрипп вирусы және басқалар сияқты

Осы эпидкезеңде тұмауға қарсы 1 721 591 адам егілді немесе жалпы республикадағы халық санының 10%-ы.

Адамдардың тұмауды қабылдауы – абсолютті. Бронхит, пневмония, менингит, энцефалит, пиелонефрит, полиневрит және т.б. сияқты тұмаудың қауіпті асқыну қауіпті. Асқынулар адамды мүгедектікке әкелуі мүмкін, ауыр жағдайларда өлім-жітімге алып келеді. Тұмаумен ауырғаннан кейін мынадай созылмалы аурулар асқынады: бронхиалдық демікпе, созылмалы бронхит, жүрек тамыр аурулары, зат алмасудын бұзылуы қоздыратын аурулар және т.б.

Осы себептерге байланысты ЖРВИ және тұмаудың бірінші белгілері белгіленгеннен бастап уақытылы алдын алып және медициналық көмекке жүгіну керек.

ЖРВИ және тұмаудың алдын алу мақсатында вакцинациядан басқа мынадай қарапайым ережелерді сақтау керек: ЖРВИ мен ауратын науқастармен қарым-қатынаста болмау, науқастармен қарым-қатынаста болған бет перде тағу, қолыңызды сабынмен не антибактериалды заттармен жуу (құрамында спирті бар еріткіш), түшкірген кезде ауыз бен мұрынды жабу, бір реттік қол орамалдар немесе салфетка қолдану, кір қолмен көзді, мұрынды және ауызды ұстамау, көп адамдар жиналатын жерге (жиналыстар, кездесулер, көріністермен спорттық іс-шаралар және тағы басқалар) бармау, жиі  бөлмені желдету, салауатты өмір салтын жүргізу (толыққанды ұйықтау, таза ауа, белсенді демалыс, үйлесімді тамақтану, дәруменге бай). Жоғарыда көрсетілген спецификалық емес алдын алу шаралары органдарға кезкелген инфекциялармен күресуге көмектеседі.

Сырқаттанушылықтын бірінші белгілері шыққыннан бастап, адамдармен қарым-қатынасты азайту керек, сырқаттын басталғанынан 7 күн бойы үйде болу керек,  күнделікті жеке гигиена шараларын сақтау және учаскелік дәрігердің ұсынымы бойынша ертерек емделуді бастау үшін дәрігер шақыру.

 

Естеріңізде болсын өзін өзі емду тұмаудың асқынуына алып келуі мүмкін!

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ