ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

«СЭСжМҒПО» ШЖҚ-ғы РМК аса қауіпті инфекциялар референс-зертханасы сапаны сырттай бағалауды орындау бойынша барлық облыстық және қалалық филиалдарға   90 сынама (аса қауіпті және зооноздық инфекцияларды анықтауға сыртқы ортадан 6 үлгіден) жіберді. Үлгілерде  аса қауіпті және зооноздық инфекциялармен жұқпаланған және жұқпаланбаған дәнфураж, топырақ, су бар болды. ҰСО-ның облыстық және қалалық филиалдарындағы зертханалардың мамандары барлық зертханалық зерттеу әдістері дерлік - бактериологиялық, серологиялық, биологиялық, генетикалық, экспресс-әдістер қолданылды. 2015 жылы өткен жылдармен салыстырғанда орындалатын зерттеу сапасының жақсарғаны байқалды.  Сәйкес келу пайызы - 100 %.

Облыстық және қалалық филиалдардың мамандары сапаны сырттай бағалауды орындау үшін 2100 талдау жасады, зертханаішілік бақылау жасау үшін 11477 сынама зерттеді.

ССБ бағдарламасы бойынша СЭСжМҒПО аса қауіпті инфекциялар  референс-зертханасында 2015 жылы мынадай зерттеу жүргізілді:

 ИФА әдісімен бруцеллезге Алматы (10 сынама) және Солтүстік Қазақстан (3 сынама) облыстарынан жеткізілген қан сарысуы зерттелді. Нәтижелерінің сәйкес келу пайызы – 100 %.

ИФА әдісімен Оңтүстік Қазақстан (12) және  Жамбыл  (2) облыстарынан КҚГҚ- ға қан сарысуының 14 сынамасы зерттелді, сәйкес келуі –100 %.

Сыртқы ортадан Қызылорда облысынан КҚГҚ –на 45 кене суспензиясы зерттелді, сәйкес келу пайызы - 88,8 % .

ПТР әдісімен Павлодар облысынан күйдіргіге 5 топырақ сынамасы (сәйкес келуі – 100%) және Оңтүстік Қазақстан (12) және Жамбыл (8) облыстарынан КҚГҚ-на қан сарысуының 20 сынамасы   зерттелді (сәйкес келуі – 100%).

 

      Аса қауіпті және қайтадан пайда болатын инфекциялар референс-зертханасы базасында республика бойынша АҚИ зертханаларында бөлінген патогендігі 2 топтағы  микроорганизмдердің (бруцеллёза және туляремия қоздырғыштары) 521 өсіріндісін растау, идентификациялау, дифференциациялау жүргізілді, барлығы 4168 зерттеу жүргізілді.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ