ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – өсімдіктердің зиянкестерімен және ауруларымен, арам шөптермен, астық дақылдарының, ағаштардың, мақтадан, жүннен, теріден жасалған бұйымдардың зиянкестерімен,үй малдарының эктопаразиттерімен, сондай-ақ адамдар мен жануарлардың аса қауіпті ауруларын таратушыларымен күресу үшін қолданатын химиялық заттар.

          2000жылдан бастап Қазақстан Республикасындаөсімдіктерді қорғау мәселесі мен карантиніне көп көңіл бөлінуде. Аса қауіпті зиянды организмдердің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Осы мәселеге қатысты республикалық бюджеттен жыл сайын қаражат бөлінеді.

Қазіргі уақытта  Қазақстан Республикасында әртүрлі жолмен пайдаланылатын және қолданылатын 810-ға жуық пестицидтер (улы химикаттар) тіркелген.  Жыл сайын тіркелген пестицидтер   (улыхимикаттар) тізбесі пестицидтер токсикологиясы зертханасының базасында сынақтан өткен жаңа 15-20 препаратпен толықтырылып отырады.

Пестицидтерді қолдану жәнеқоршаған ортадағы объектілерде  олардың қалдық құрамын бақылауды жүзеге асыру  мәселесі, сондай-ақ полихлорлы бифенилдер мен диоксиндерге бақылау жасау мәселесі   тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар көптеген  елдерде  де өзекті мәселе болып табылады.

ҚР ҰЭМ ТҚҚК  «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг  ғылыми-практикалық  орталығы»  ШЖҚ-ғы  РМК  пестицидтер токсикологиясы зертханасы өсімдіктерден (көкөніс, жеміс және бақша өсірінділері) және жануарлардан алынған азық-түлік өнімдеріндегі, судағы,топырақтағы, ауадағы пестицидтердің құрамына зерттеулер жүргізеді.Қазіргі таңда зертхана пестицидтердің қалдық мөлшерін дәлірек  анықтауға  мүмкіндік беретін заманауи аспаптармен жабдықталған. Қазақстан Республикасында тіркелген пестицидтердің барлық түрлерін газды хроматография, жоғары тиімді сұйықтық хроматография әдістерімен және хромато-масс-спектрометрлік әдіспен анықтауға болады.

Пестициттер токсикологиясы зертханасы 17025-2007«Сынақ және калибрлеу зертханаларының      құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар»ИСО/ХЭК ҚР СТ халықаралық стандартына сәйкес аккредиттелген.

 

Аккредиттеу субъектілерінің тізімінде тіркелген № КZ.И.02.09232015жылғы «13»қазаннан 2020жылғы «13»қазанға дейін жарамды  аккредиттеу аттестаты  бар.

 

Хромато-масс-спектрометр AgilentGC 7890A7000В 

Высокоэффективный жидкостной хроматограф

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ