ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Ақтөбе облысы ТҚҚД-і ветеринария қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізді

2016 жылдың 30 наурызында Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ҚР АШМ ВБжҚК Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы, Ақтөбе облыстық ветеринария басқармалары, Республикалық эпизоотияға қарсы отряды, жергілікті полиция қызметі  және қалалық ветеринариялық станциясы мамандарының қатысуымен қатысты мемлекеттік органдардың жұмыстарын зооантропоноздық және паразитарлық аурулардың алдын алу сұрақтары бойынша үйлестіру мақсатында  өндірістік жиналыс  өткізді.

Жиналыс барысында  жұқпалы және паразитарлық аурулар ошақтарындағы эпидемияға қарсы жүргізілген шаралар туралы айтылды, жануарларға жүргізілген дегельминтизация жұмысының сапасы мен қорытындысы, паспортизациялау, дезинфекциялық шаралардың жүргізілуі және сарып, құтыру, күйдіргі,  эхинококкоз және дерматомикоз ауруларының алдын  алу  шаралары  туралы  талқылады.    

 

Алматы облысы тұтынушылардың   құқықтарын қорғау  департаменті бруцеллез жұқпасының өзекті  мәселелері бойынша семинар өткізді

ҚР ТҚҚ Комитетінің Алматы облысы тұтынушылардың   құқықтарын қорғау  департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес ҚР ҰЭМ ТҚҚК «Ұлттық сараптама орталығы» Алматы облысы бойынша филиалы, ҚР ДСМ Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Алматы облыстық аумақтық инспекциясы», Алматы облысының ветеринариялық басқармасының бірлескен бұйрығы негізінде «Бруцеллездің эпидемиологиялық және эпизоотологиялық ахуалы» тақырыбында облыстық семинар өтті. 

Семинарға аудандық (қалалық) тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларының мамандары, «Ұлттық сараптама орталығы» аудандық (қалалық) бөлімшелердің дәрігер бактериологтары, аудандық орталық ауруханалардың инфекционист дәрігерлері мен госпиталды эпидемиологтары, аудандық (қалалық) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық  инспекторлары және ветеринариялық дәрігерлер қатысты.

Семинар барысында бруцеллез жұқпасыныңөзекті мәселелері бойынша баяндамалар жасалып, қатысушылар пікірлерімен алмасты.

 

Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті баспасөз конференциясын өткізді

 

2016 жылдың 30 наурызында Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Халықаралық                       туберкулезбен күрес күніне арналған туберкулезге қарсы күрестің  іс-шараларын қорытындылау үшін баспасөз конференциясын өткізді.

     Баспасөз конференциясына Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің басшылары мен мамандары,  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

        Атырау облысы ТҚҚ департаменті карантинді және аса қауіпті жұқпалы ауруларды эпидқадағалау бөлімінің басшысы Ө.С. Апуовтың,   туберкулезге қарсы күрес диспансері бас дәрігерінің орынбасары, облыстың бас фтизиатры Д.А. Тайпанованың туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы және туберкулезге қарсы күрес шараларының өзекті мәселелері туралы хабарламалары тыңдалды.

       Туберкулезге қарсы күресті ұйымдастыру денсаулық сақтау  саласы және қоғам үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

       Атырау облысы Қазақстан Республикасында халықтың туберкулезбен аурушылығы бойынша қолайсыз аймақтардың қатарына жатады.

       Соңғы жылдары тұрғындардың туберкулезбен аурушылығы көрсеткіштерінің төмендегеніне қарамастан облыста туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы республикалық деңгейден жоғары болып қалуда.  Халықтың туберкулезбен аурушылығына талдауда оның  соңғы 5 жылда 27,5 %-ға азайғаны байқалады.

        Балалар мен жасөспірімдердің туберкулезбен ауруы және жұқтыруы қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

     Жыл санап перзентханаларда жаңа туған нәрестелерді туберкулезге қарсы екпеден ата-аналарының бас тартуы саны артуда, бұл көбінесе ата-аналардың теріс діни көзқарастары сенімдерімен байланысты болып отыр.  Барлық бас тартқандар саны 2013 ж. – 324,  2014 ж. – 486, 2015 ж. – 534 болды.

        Бастпақы медициналық көмек көрсету мекемелерінде эпидемиялық тұрғыдан қауіпті туберкулез таяқшаларын бөлетін науқастарды қақырық сараптамасы әдісімен анықтау жұмыстары жақсарды, нәтижесінде сараптама оң нәтижелері 5,0 % құрап, Бүкілдүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымымен белгіленген көрсеткішке жетті (5,0-10,0 %).

        Туберкулезден өлім көрсеткіші туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы мен жүргізілген шаралардың нәтижелілігін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі болып саналады.

       Облыс бойынша туберкулезден өлім көрсеткіші 2011 жылдан бері 3 есе азайды.

       2015 жылы оОблыста жоғары және арнайы орта оқу орындары студенттері арасында туберкулезбен аурушылығының жоғары  көрсеткіштері байқалады. Туберкулезбен науқас студенттерге әлеуметтік көмекті ұйымдастыру ең алдымен жергілікті атқарушы органдар мен білім беру мекемелері басшыларының міндеті болып табылады.

     Көптеген дәріге төзімді туберкулезбен науқастардың өсуі ерекше өзекті мәселе болып табылады.  Осы науқастарды сәтті емдеу амбулаторлық жағдайда үзіліссіз емін жалғастырумен байланысты.

     Туберкулезбен науқастарға әлеуметтік қолдау көрсету туберкулездің алдын алудың басты мақсаттары. Себебі туберкулезбен науқастардың көпшілігі халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне жатады.

     Туберкулезбен науқастарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін шешу үшін Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен облыстық әкімдікке ұсыныс берілді. Сондай-ақ өзекті мәселелер Атырау қаласы және аудандар әкімшіліктерінде тыңдалды.

  Туберкулезге қарсы күресте жетістікке жету үшін халықтың туберкулездің алдын алу шаралары туралы хабардарлығына назар аудару қажет.

      Айлық барысында халықтың туберкулезді жұқтыруын болдырмаудың індетке қарсы және алдын алу шараларының  мәселелері талқыланды.

      Халықты хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен қолданылды.

      №1 емхананың мәжіліс залында 14.03.2016 ж. Халықаралық туберкулезбен күрес күніне арналған айлық аясында баспасөз конференциясы өткізіліп,  Атырау облысы ТҚҚ департаменті карантинді және аса қауіпті жұқпалы ауруларды (оның ішінде туберкулезді) эпидқадағалау бөлімінің басшысы Ө.С.Апуов туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы және өзекті мәселелері туралы баяндады.

      Облыстың барлық емдеу алдын алу мекемелерінде туберкулездің диагностикасы және алдын алу шаралары туралы оқыту семинарлары өткізілді. Атырау қаласы және аудандарда 68 рет емдеу алдын алу мекемелерінде туберкулездің алдын алу жөнінде бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ  мектеп оқушылары  арасында дөңгелек үстелдер, пікір-таластар, сауалнамалар, диктанттар, орта және жоғары оқу орындары студентері арасында лекциялар жүргізілді.

      Өткізілген шаралар туберкулез жөнінде халықтың ақпараттығын жоғарылатты.   

Атырау облыстық ТҚҚД-і карантиндік және аса қауіпті аурулар бойынша семинар өткізді 

         2016 жылдың 31 наурызында  Атырау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен «Карантинді және аса қауіпті аурулардың, құтырудың клиникасы, диагностикасы, емделуі, індетке қарсы және  алдын алу шаралары туралы» тақырыпта облыстық семинар  өткізілді.

Семинарға  қалалық, аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларының мамандары, облыстық, қалалық, аудандық ауруханалардың, емханалардың жалпы практикалық дәрігерлері,  дәрігер-инфекционистері, дәрігер-хирургтері, травматологтары, барлығы  51  маман қатысты.

          Атырау облыстық ТҚҚ департаментінің карантинді және аса қауіпті жұқпалы ауруларды эпидқадағалау бөлімінің басшысы Ө.С.Апуовтың, бас маманы З.Ж.Қайреденованың, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекционист-дәрігерлері А.Н.Сапарованың, Р.М.Мұканованың, А.Т.Сидешованың, облыстық балалар ауруханасының травматолог-дәрігері Г.Ғ.Амиртаеваның баяндамалары тыңдалды.

 

         Семинарда карантинді және аса қауіпті жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жағдайы,   профилактикалық және індетке қарсы алдын алу шараларын уйымдастырып, зардап шеккендерге антирабиялық көмек көрсету, тырысқақтың, құтырудың, Зика қызбасының диагностикасы, емдеуі  мәселелері қаралды.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ