ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Қазіргі таңда Конго - Қырым геморрагиялық қызбасымен күрес мәселесі барлық мүдделі қызметтер мен ведмостволардағы мамандардың назарын аударуда.

Алматы қаласында наурыздың соңында Конго - Қырым геморрагиялық қызбасын эпидқадағалау,  диагностикалау, емдеу және оның алдын алу жүйелерін күшейту жөнінде семинар  - кеңес өткізілді. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті, Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі  Орталық Азия орталығындағы СДС Аймақтық офисі және СЭСжМҒПО   семинарды  өткізудің бастамашысы және ұйымдастырушысы болды. КҚГҚ алдын алуға және емдеуге байланысты проблемалар мен мәселелерді талқылауға ҚР ҰЭМ ТҚҚК, ҚР ҰЭМ ТҚҚК-нің СЭСжМҒПО  Карантиндік және аса қауіпті инфекциялар мониторингі департаментінің мамандары, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ТҚҚД, ҚР ДСжӘДМ, облыстық денсаулық сақтау басқарамасы, ҚКЗИҒО мамандары және   клиницист - инфекционист мамандар қатысты.

 

Негізгінен мынадай тақырыптар  талқыланды – 2015 жылғы эпидқадағалау  қорытындылары және 2016 жылға арналған міндеттер,  ҚР-да КҚГҚ бойынша эпидқадағалау және хал-ахуал, Қазақстандағы кене шаққан жағдайларды мониторингілеу, Оңтүстік Қазақстан облысында КҚГҚ-сын эпидқадағалаудағы тәжірибе және жаңа тәсілдерді іске асыру, Қазақстанның оңтүстік аймағындағы КҚГҚ-ның негізгі клиникалық белгілері. Семинар-кеңеске қатысушылар КҚГҚ-сын заманауи диагностикалау, қауіпті инфекцияларды емдеу және емделуге жатқызу мәселелерімен, 2016 жылға арналған Қазақстанның оңтүстік аймағында КҚГҚ- сын эпидемиологиялық қадағалауды жетілдіру жоспарларымен өте ерекше көңілмен танысты.

Баяндама жасаушылар өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Конго - Қырым геморрагиялық қызбасы  жіті инфекциялық ауру, науқастың денесі қатты  қызып, басы мен бұлшық еті ауырады, басы айналып, лоқсиды, қан кетіп, терісіне бөртпелер шығып кетеді. Бұл – қауіпті аурудың үрей тудыратын  белгілері. Оның инкубациялық кезеңі 14 тәулікке дейін созылуы мүмкін. КҚГҚ табиғи ошақтарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін күшейту туралы, елді мекендер мен буферлік аймақтардың маңына  санитариялық - қорғаныш аймағын құруды жалғастыру  қажеттілігі бойынша ұсынымдар берілді. Кеңесте ауыл шаруашылығы малдарына және мал қораларына өңдеу жүргізуді, кене шаққан адамдарға уақытылы медициналық көмек көрсетуді, КҚГҚ-мен ауырған науқастарды зертханалық диагностикалауды және емдеуді күшейту жөнінде ұсыныстар айтылды.  Тұрғындардың арасында санитариялық – ағарту жұмыстарын белсенді жүргізу аса маңызды міндеттердің бірі болып есептеледі.

Семинар – кеңестің қорытындылары бойынша КҚГҚ  жөнінде профилактикалық  және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін күшейту туралы нақты ұсынымдтар берілді. ҚР ҰЭМ ТҚҚК «СЭСжМҒПО» Карантиндік және аса қауіпті инфекциялар мониторингі департаментінің директоры «Конго Қырым геморрагиялық қызбасын эпизоотологиялық және эпидемиологиялық қадағалау» мониторингісінің жобасымен таныстырды.

 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ