ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

2016 жылдың 15 - аптасында (07 по 13.04.2016ж.) ЖРВИ және тұмау сырқаттанушылығы алдыңғы аптамен салыстырғанда 3,3% төмендеді.

Осы аптада республика бойынша және аймақтарда сырқаттанушылықтың бақылау көрсеткіштері жоғарылаған жоқ.  

Апта сайынғы ЖРВИ және тұмаудың сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 67,5, ал есептік эпидемиологиялық көрсеткіші – 169,6 құрады.

ЖРВИ және тұмаумен ауырғандардың негізгі үлесін – 71,7% (8563 жағдай) 14 жасқа дейінгі балалар құрап отыр, сонымен қатар ЖРВИ үлкен меншікті салмағы 5 жасқа дейіңгі балалар (42%) және 5-14 жас аралығындағы жасөспірімдер (29,8%) топтары арасында тіркелген.

Осы аптада алдыңғы аптамен саластырғанда ЖРВИ және тұмаумен ауырған науқастардың ауруханаға жатқызылған саны 6,5%-ға жоғарылады (1429 жағдай, ал өткен аптада 1341 жағдай), оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар арасында – 10,8% (480 жағдай, ал өткен аптада 433 жағдай). Жүкті әйелдер арасында – 28,5% төмендеді (120 ал өткен аптада 168 жағдай),.

Мемлекеттегі вирусологиялық зертханалардың мәліметтері бойынша Қазақстанның аумағында А (95,7%) және В (4,3%) тұмау вирустарының циркуляциясы белгіленген, оның ішінде А тұмау вирусы төмендегі субтиптерінің басымдылығымен сипатталады: А/H1N1-09 – (84,6%), A/H3N2 – (15,4%).

Республика аумағында тұмау вирусымен қатар парагрипп, аденовирус, риносинтициалды сияқты басқа, тұмау емес вирустардың қатар циркуляцисы көрініп отыр.

Көрсетілген эпидкезеңде тұмауға қарсы 1 721 591 адам иммунизация алып, жалпы республикадағы халық санының 10% құрады.

Адамдардың тұмауды қабылдауы – абсолютті. Бронхит, пневмония, менингит, энцефалит, пиелонефрит, полиневрит және т.б. сияқты тұмаудың асқынулары өте қауіпті. Асқынулар адамды мүгедектікке әкелуі мүмкін, ауыр жағдайларда өлім-жітімге алып келеді. Тұмаумен ауырғаннан кейін мынадай созылмалы аурулар асқынады: бронхиалдық демікпе, созылмалы бронхит, жүрек тамыр аурулары, зат алмасудын бұзылуы қоздыратын аурулар және т.б.   

Осы себептерге байланысты ЖРВИ және тұмаудың бірінші белгілері белгіленгеннен бастап асқынулар мен аурудың өршуінің алдын алу мақсатында дер кезінде медициналық көмекке жүгіну керек.

ЖРВИ және тұмаудың алдын алу мақсатында вакцинациядан басқа мынадай қарапайым ережелерді сақтау керек: ЖРВИ-мен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болмау, науқастармен қарым-қатынаста болған бет перде тағу, қолыңызды сабынмен не антибактериалды сұйықтықтармен  жуу (құрамында спирті бар еріткіш), түшкірген кезде ауыз бен мұрынды жабу, бір реттік қол орамалдар немесе салфетка қолдану, кір қолмен көзді, мұрынды және ауызды ұстамау, көп адамдар жиналатын жерге (жиналыстар, кездесулер, көріністер мен спорттық іс-шаралар және тағы басқалар) бармау, бөлмені жиі   желдету, салауатты өмір салтын ұстану (толыққанды ұйықтау, таза ауада дем алу, белсенді демалыс, үйлесімді, дәруменге бай тамақтану). Жоғарыда көрсетілген спецификалық емес алдын алу шаралары адам ағзасына кезкелген инфекциялармен күресуге көмектеседі.

Науқас адам сырқаттанушылықтың бірінші белгілері пайда болғаннан бастап, дені сау адамдармен қарым-қатынасты азайту қажет, сырқаттың басталғанынан 7 күн бойы үйде болу керек, күнделікті жеке гигиена шараларын сақтау және учаскелік дәрігердің ұсынымы бойынша ертерек емделуді бастау үшін дәрігер шақыру.

Естеріңізде болсын өзін өзі емду тұмаудың асқынуына алып келуі мүмкін!

 

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ