ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Ғалымдардың айтуына сенсек, Наурыз мейрамының тойлана бастағанына 5 мың жылдан асып кетіпті. Наурыз мейрамы - көктемгі түн мен күннің теңесуіне тура келетін жаңа жыл мейрамы. Табиғаттың жаңаруы болып есептеледі. Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Наурыз мейрамы - Қазақстанның өткені мен бүгінін жалғаушы мереке. Бүгінгі таңда тәуелсіз, өркендеуші, саяси тұрақты Қазақстан қалыптасып келеді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі кезде еліміздің алдында өткір мәселелер тұр. Мақсатқа жету үшін барлық алғы шарттар бар.

Бұрынғы кезде Наурыз келгенде барлық аурулар мен сәтсіздік кетеді деп саналған. Наурыз денсаулықты алтыннан да қымбат деп санайтын дені сау адамдардың мейрамы деп есептеледі. Біздің  қызмет адамның өмір сүру жағдайынан еңбек және оқу қызметіне дейінгі  барлық тіршілік ету саласын қамтиды, денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды позицияны атқарып келеді.

«Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және монитринг ғылыми-практикалық орталығында» Наурыз мейрамын ерекше тойлайды, өйткені орталықта жыл сайын Наурыз мейрамын тойлау дәстүрге айналған. Мереке күні зал гүлдермен, шарлармен безендірілді, барлық қызметкерлер шат шадыман көңіл-күйде жүрді. Біздің мереке дәстүрлі шашумен басталды.

Халықтың жаны оның дәстүрінде, ал дәстүр өткен мен бүгінді, бүгін мен ертеңді жалғайтын көрінбейтін жіп тәрізді. Бұл күні сыйлы, қадірлі азаматтардан бата алу парыз деп саналады. 

        «СЭСжМҒПО» ШЖҚ-ғы РМК-ның Бас директорының м.а. Еркін Ермекұлы Дүрімбетов  ұжымды Наурыз мейрамымен құтықтады. Өз сөзінде: «Наурыз – көктем мейрамы! Яғни жаңару мейрамы. Әрбір адам өзін жақсылыққа қарай өзгерту керек, ол үшін әрбір жан өзінен бастауы керек. Міне, сонда ғана жаңа күн басталады,» -деді.

Наурыз мейрамында әртүрлі ұлттық ойындарға көп мән берген. Наурыз мерекесін тойлаған қызметкерлер осындай керемет сайыстың куәсі болды. Мекеменің жігіттері өздерінің нағыз әдісқой балуан, керемет күш иесі екенін көрсетсе, қыздар жағы да қарап қалған жоқ. Арқан тарту, гір тас көтеру залдағы жанкүйерлерді бей-жай қалдырмағаны сөзсіз. Ең негізгісі – бұл әрине, мықты денсаулық және тамаша көтеріңкі көңіл-күй. Мекеме қызметкерлері мейрамға ұлттық киім киіп келді. Мерекеде  «Ең үздік ұлттық киім» атты конкурс жарияланып, әділ қазылар алқасы құрылды. Әділқазылар алқасы әділ шешімін беріп, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттады. 

 

Әрқашанда әрбір шаңырақта бақыт пен байлық, Қазақстан жерінде бейбітшілік болсын! Баршаңызға зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ