ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Тамыз 2018
Д С С Б Ж С Ж
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында «СЭСжМҒПО» ШЖҚ-ғы РМК конференц-залында мерекелік іс-шара өтті.  Зал мерекеге сай безендірілді. Экранда тәуелсіз Қазақстан туралы слайд көрсетілуде. Бұл -бәріміздің ортақ тарихымыз, еліміздің бүгіні. 1мамыр мерекесінің тамыры тереңде жатыр. Залдағылардың көбі - Кеңес Одағы кезінде өткізілетін мерекелік шеруге қатысқандар. Дегенмен өмір бір орнында тұрмайды, заман жылдам өзгеруде. Қазіргі біздің жаңа тарихымызда  тәуелсіз Қазақстанның басты мейрамдарының бірі болып саналатын   1 мамыр мерекесінің орны  ерекше. 1996 жылы еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып жарияланды. Елбасымыз: «Біз көппіз және біз бәріміз - бір елміз, бір халықпыз. Біздің мақсатымыз – бірлік пен тұрақтылық, азаматтардың әл-ауқатының артуы, дені сау және білімді ұлт» екенін айрықша атап көрсетті.

«СЭСжМҒПО» ШЖҚ-ғы РМК Бас директорының м.а. Еркін Ермекұлы Дүрімбетов  ұжымды мерекемен құттықтап, Тәуелсіздік алғаннан бері бұл атаулы мереке берік достықтың, ұлтына және діни наным-сеніміне қарамастан халқымыздың береке-бірлігінің символына айналып отырғанына тоқталды.

Бұл көктемгі жайма-шуақ мейрам еліміздің әрбір қаласында, әрбір үйінде тойланады. Ән айтып, би билеп, көптеген спорттық сайыстар өткізіледі. Бұл күні Қазақстанның барлық қалаларында, ауылдарында, елді мекендерде барлық ұлттар мен халықтардың өкілдері біздің бірлігімізді, достығымызды көрсету үшін өркендеген, тәуелсіз және еркін – Қазақстан Республикасы өзіміздің жалпы үйіміз екенін көрсету үшін жиналады.

Әлемде көптеген қорқынышты жағдайлардың орын алып жатқанын, кей елдерде, мемлекеттерде соғыс, ланкестік іс-әрекеттер, террористік актілер  болып жатқаны туралы сіздер теледидар арқылы көріп, газеттен оқып, интернет желілерінен хабардар болып отырсыздар.  Әлемнің көптеген мемлекеттеріне қарағанда, біздің Қазақстанның  басты байлығы – әрине, адамдар арасындағы татулығымыз, өзінің іс-әрекеті мен шешімдерін айқындаған саяси тұрақтылығымен ерекшеленетіндігін әрқайсымыз білеміз. Бұл - біздің ең басты жеңісіміз! Елбасымыз айтқандай, өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін еліміздің әлеуеті зор. Әрқайсысыңызға денсаулық, көктемгі көңіл-күй, жемісті табыстар тілеймін. Тәуелсіз еліміз дами берсін,» - деп аяқтады сөзін Еркін Ермекұлы.

Мерекелік іс-шара  орталықта ұзақ уақыттан бері үздіксіз еңбек етіп келе жатқан, тәжірибелі қызметкерлерге құрмет грамоталары мен алғыс хат тапсырумен жалғасын тапты. Орталық басшысы осы мекемеде 29 жыл еңбек еткен Замира Измағамбетоваға, осы ұжымда 19 жыл еңбек еткен Мағрипа Махмутоваға,  17 жыл жұмыс істеп келе жатқан Бахтияр Азнаковқа,  ос ы мекемеде 15 жыл жұмыс істеген Наталья Германға Құрмет грамотасын және 10 жыл еңбек етіп келе жатқан Анатолий Усановқа Алғыс хат берді. Марапатталған әрбір қызметкерге Ақпараттық қамтамасыз ету және санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг департаментінің қызметкерлері әзірлеген слайд көрсетілді.

Сонымен қатар Инфекциялық  және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық мониторингілеу департаментінің директоры Манар Асырқызы Смағұл және МВА магистрі, phd докторанты, жоғары санаттағы санитарлық дәрігер Гүлнар Амангелдіқызы Бимұратова  С.Асфендияров атындағы  Қазақ ұлттық медицина университетінің Алғыс хатымен марапатталды. Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ