ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Тамыз 2018
Д С С Б Ж С Ж
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Қазіргі таңда халықтың кене энцефалитімен сырқаттанушылығы бойынша санэпидахуал біршама тұрақты болып отыр. Жалпы республика бойынша кене энцефалитінің зертханалық жағынан расталған 2 жағдайы: Алматы қаласында (1) және Алматы облысында (1) тіркелді. Сырқаттанған адамдар таулы аймаққа саңырауқұлақ жинап, демалу мақсатында барған кезде кене шаққаннан ауруды жұқтырған. Кене  энцефалитіне қарсы екпе алмаған.

Ағымдағы жылы кене энцефалиті бойынша эндемиялық  аумақтарда  кене шаққан тұрғындардың дәрігерге қаралуы 1,9-ға артқан, кене шаққан 3386 адам (2015 жылғы ұқсас кезеңде – 1788 адам) тіркелген,  соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 1449 (2015 ж. - 722).

Жыл сайын кенелердің белсенділігі сәуір айынан бастап маусым айын қоса алғанда, республиканың шығысында – тамыз-қыркүйек айларына дейін байқалады.

Кене энцефалитін жұқтыруды болдырмау мақсатында кенелер мекендейтін жерлерге барған кезде алдын алу шараларын сақтау керек. Бұл – арнайы киімдер мен кенелерді үркітетін репелленттерді пайдалану. Егер күнделікті киетін киімді пайдаланатын болса, онда киім ашық түсті болып,  дененің ашық жерлерін жауып тұруы тиіс; бас киім міндетті түрде болу қажет.   

Кене энцефалитінің ерекше алдын алу шараларына вакцинация жатады, қазіргі кезде бұл ауруға қарсы жалғыз сенімді құрал – екпе жасату болып табылады.  

Кене шаққаннан кейін белгіленген медициналық ұйымға қаралу қажет, онда зардап шеккендерге иммуноглобулинмен профилактикалық ем жүргізеді. Препарат кене шаққан сәттен бастап алғашқы үш күн ішінде тиімді. Алматы қаласының тұрғындарына арналған серопрофилактика пунктері:

1) Бостандық, Медеу аудандарының тұрғындары үшін - Орталық қалалық клиникалық ауруханасы (Жандосав көш, 6);

2) Алмалы ауданының тұрғындары үшін – Қалалық шұғыл-жедел көмек көрсету ауруханасы (Қазыбек би көш, 96);

3) Жетісу, Түрксіб  аудандарының тұрғындары үшін – 4-ші қалалық клиникалық ауруханасы (Папанин көш, 220);

4) Алатау, Әуезов, Наурызбай аудандарының тұрғындары үшін –  7-ші қалалық клиникалық ауруханасы (Қалқаман);

5)  15 жасқа дейінгі балалар үшін –  №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасы (Манас көш, 40).

Кене энцефалиті вирусының түрлерін анықтап, кене энцефалиті вирусын жұқтыруды айқындау үшін «Санэпидсараптама және мониторинг ҒПО-да» (Әуезов көш., 84) кенелерге зерттеу жүргізіледі.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ