ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

«Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ-ғы РМК-да өткен және жаңа тарихымыздың беттеріне көз жүгіртілді. Тәуелсіз Қазақстан 7 мамырда Отан қорғаушылар күнін атап өтті. 2016 жылғы 9 мамырда Ұлы Жеңіс салюті 71-ші рет атылды. Халық жадында күні бүгінге дейін соғыс жылдарының орны толмас қайғы-қасіреті мен халықтың өлшеусіз ерлігі ұмытылмақ емес.

«СЭСжМҒПО» ШЖҚ-ғы РМК Бас директорының м.а. бірінші орынбасары А.В.Магай мекемедегі ер азаматтарды және залға жиналғандардың барлығын Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады. «Ұрпағының болашағы, бостандығы үшін күрескен, қан майданда болған жауынгерлерімізді біз еш уақытта естен шығармаймыз, - деді Алена Владимировна, - Соғыстың 1418 күні. Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және көптеген басқа да қазақ халқының даңқты ұлдары мен қыздарыүшін Отаннан маңызды нәрсе болмады.

Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақстан майданарсеналдарының біріне айналды. Жауға атылған әрбір төрт оқтың үшіншісі Қазақстанда жасалды. Біздің Жеңісіміз үшін күрескен жауынгерлердің ерлігін мәңгі есте сақтаймыз».

ҚР Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында  «СЭСжМҒПО» ШЖҚ-ғы РМК қызметкерлеріне Қазақстандағы Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған деректі фильм көрсетілді. Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының тағдыры кімді де болса бей жай қалдырмайды. Көрермендер Батырдың ерлік істеріне, жеке түлға болып қалыптасуына куәгер болды. 528 қазақстандық Кеңестер Одағының Батыры атағын алды, 110 қазақстандық Даңқ ордендерімен марапатталды.   

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ