ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Тамыз 2018
Д С С Б Ж С Ж
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Соңғы онжылдықта адамзат баласы қоршаған орта жағдайының күрт төмендеп кетуімен бетпе-бет келіп отыр. Өкінішке орай, экологиялық проблемалар Қазақстанды да шарпыды. Мамандардың пікірінше, біздің елімізде,негізінен, автомобиль көліктеріауаны көп ластайды. Пайдаланылатын жанармай сапасының төмендігі, пайдаланылған газды тазарту сүзгіштерінің болмауы, автокөлікжай-күйінің нашар болуы, қалаларда автокөліктердің көбеюі ауаны ластайды. Осылайша Қазақстанда өндіруші және өңдеу өнеркәсіптері қарқынды дамып келеді, жыл сайын өндіріс көлемі артып отыр және де ірі өнеркәсіп объектілері қоршаған ортаны ластауда.  Сонымен қатар кейбір ірі кәсіпорын басшылары экологияны қорғау шараларын қолдануда, бірақ бұның өзі өте аз. Соның салдарынан еліміздің ірі қалаларындағы тұрғындардың басы ауырып, ұйқысы бұзылады және барлық жүйке жүйесі бұзылып, зардап шегеді. Бұған эндокриндік жүйесінің ауруын, онкологиялық ауруларды, репродуктивтік қызметтің бұзылуын қосыңыз.

Проблемалық мәселелердің бары рас, дегенмен Қазақстан қазіргі таңда тек өз өңірінде ғана емес, сондай-ақ барлық Еуразиялық кеңістікте экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуде  маңызды рөл атқарады.

«СЭСжМҒПО» ШЖҚ-ғы РМК-даБҰҰДБ/ЖЭҚ ҚР Энергетика министрлігінің  «Қоршаған орта объектілерінде тұтқыр органикалық ластағыштар (ТОЛ) мен сынаптың мониторингі үшін зертханалардың әлеуетін арттыру» атты оқыту тренингі өтті.

ТОЛ немесе тұтқыр органикалық ластағыштар – бұл химиялық заттардың тобы, олардың қосылыстары мен қоспаларының  жоғары уыттылық қасиеттері бар. Қазіргі кезде адамға және қоршаған ортаға ТОЛ-дың үлкен қауіп төндіретіні дәлелденіп отыр. Сондықтан тұтқыр органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясын қабылдау ТОЛ шығындыларын қысқартуға және тоқтатуға бағытталған.

СЭСжМҒПО Бас директоры м.а. бірінші орынбасары А.В.Магай құттықтау сөз сөйледі, өз сөзінде кездесудің маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталды. «Қазіргі уақыт уытты қосылыстарды міндетті түрде мониторингілеуді енгізу мәселелерін талқылауды талап етеді, уытты қосылыстар табиғатты жаһандық ластаумен қатар, адам денсаулығына кері әсерін тигізеді.Біздің тренинг қоршаған орта объектілерінде ТОЛ-дың қалдық құрамына бақылау жүргізуге бағытталған,» - деді Алена Владимировна.

Тренинг спикерлері 2002 жылғы мамырда қол қойылған Стокгольм конвенциясы арқасында Қазақстанда «Стокгольм конвенциясы бойынша міндеттерін атқаруда Қазақстан Республикасына қолдау көрсететін алғашқы көмек шаралары» ғаламдық экологиялық қорыжөнінде БҰҰ даму бағдарламасының  жұмыс істейтіндігін баса айтты.

        Тренингке салалық Министрліктер мен ведомстволардың жетекшілік ететін қызметкерлері, Ресейдің және Австрияның халқаралық сарапшылар тобы, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК  филиалдары, ҚР ЭМ ҚазГидрометтің жетекші мамандары қатысты.

БҰҰДБ/ЖЭҚ жұмысының қорытындылары бойынша, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тамақ өнімдеріндегі ТОЛ құрамына талдау жүргізу, қолданыстағы стандарттарға сәйкес МСҮ мен шығыс материалдарын, заманауи жоғарысезімтал жабдықтарды сатып алу туралы ұсыныстар енгізу, сондай-ақ жаңа ТОЛ-ды есепке ала отырып,мамандардың біліктілік деңгейін арттыру және аккредиттеу саласын кеңейту сияқты бірқатар шараларды  ұсынды.

         Тренингке қатысушылардың барлығы тренингтің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Қазақстан Республикасы ұлттық тізілімінде тұтқыр органикалық ластағыштарды МСҮ-ге  қосу туралы, қоршаған орта объектілерінде ТОЛ анықтау бойынша анализдер мен халықаралық әдістерді бейімдеу, ҚР мемлекеттік зертханалары үшін тамақ өнімдері мен биологиялық сұйықтықтарды бейімдеу жайында бір шешімге келді.   

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ