ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Мектеп бітіруші түлектің өміріндегі соңғы маңызды кезең Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық және одан ойдағыдай өту болып табылады.  Қазақстанда ҰБТ 2004 жылы енгізілді.

 Қазақстан Республикасында ҰБТ өткізу кезінде ұялы байланыс  сигналын тұншықтыру кеңінен пайдаланылады,   (GSM,CDMA, 3G, 4G DCS) ұтқыр  желілері диапазонын тұншықтырады.  Бұл жиілікте – Kcell(GSM), Beeline (GSM), ТЕЛЕ-2 (GSM), "АЛТЕЛ" (4G CDMA) ұялы байланыс операторлары жұмыс істейді. Бұл құрылғылар өте қуатты сигнал құрады.

Мұндай құрылғы түрлерін тұншықтыру радиусы ұялы байланыс операторларының база стансасының (БС) орналасуына байланысты, яғни ұялы байланыс сигналын тұншықтыруды қажет ететін орын БС-на қанша жақын орналасқан болса, сонша тұншықтыру қуаттылығын арттыруды қажет етеді немесе берілген алаңда қуаттылығы   минималды қосымша құрылғы орнатады.

Оқушылардың денсаулығына қолайлы  жағдайды қамтамасыз ету мақсатында ҚР ҰЭМ ТҚҚК «СЭСжМҒПО» ШЖҚ-ғы РМК  және облыстық, қалалық «Ұлттық сараптама орталықтарының » мамандары ұялы байланыс сигналдарын тұншықтыруды орнатқан  орындардағы электрмагнитік өріс деңгейіне құрал-саймандық өлшеулер жүргізді. 

Сонымен қатар, ұялы байланыс сигналдарын тұншықтыруды орнату кезінде мыналарды ескеру керек деп есептейміз:

1)  қондырғы орнатылуға тиісті алаңының көлемі;

2)  орнатылатын жабдықтың биіктігі 2 м кем болмауын,  ал биологиялыққауіптіаймақтарды ескере отырып, адамдардың орналасуы 6-7 м жақын болмауын;

3) бөгдеқосымшакөздердің ( WiFiинтернет кіру нүктесінің,DECT  стандартты –телефон құрылғылары,   ұялы байланыс операторының микроВТЅ радиотелефондары  және т. б.) болуын;

4) құрылғы  өнімнің сапасына тиесілі сертификатың  болуын;

5)  аталған құрылғы орнатылатын әрбір үй-жайда шекті рұқсат етілген деңгей сәйестігін құрал-саймандық өлшеулермен жүргізу;

6) барлықрадиоэлектрондыққұралдарды, соныңішінде ұялыбайланыссигналдарын тұншықтыру құралдарын  орнату кезінде ҚР ҰЭМ ТҚҚК 2015 жылғы28 ақпандағы «Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» № 173 бұйрығымен бекітілген қолданыстағы Санитариялық қағидалары сақталуы тиіс.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ