ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

2016 жылдың 26 мамырында ҚР ҰЭМ ТҚҚ Комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы           Ө. Зинуллин  жалпы білім беретін мектептер түлектерін Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткізу кезеңінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында  Атырау облысының қоғамдық кеңесінде баяндама жасады.

Атырау облысы  Мемлекеттік Бас санитарлық дәрігерінің  23. 05. 2015 жылғы №3 санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы қаулысы шықты. Қаулы  Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы,  Атырау облысы білім беру басқармасы, Атырау қаласы, Жылыой, Индер, Исатай, Қызылқоға, Құрманғазы, Мақат, Махамбет аудандары білім бөлімдері, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау мұнай  және газ институты, Атырау қалалық,  аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармалары  басшыларына жеткізілді. Қаулыда алыс елді мекендерден келген оқушылардың тұру және тамақтану жағдайларын санитарлық ереже талаптарына сәйкес ұйымдастырылуы, тест тапсыру орталықтарының желдеткіш жүйесінің жұмыс жағдайында болуы, тест тапсырушыларды сапалы ауыз сумен жеткілікті қамтылуы, тест тапсыру орталықтарының алғашқы медициналық көмек дәрі қобдишаларымен қамтамасыз етілуі, ұялы телефон дабылдарын басу құралдарын орнату жоспарланған үй-жайларда оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында электромагниттік өріс деңгейлеріне өлшеу жүргізілуі талап етілді.

Бүгінгі күні ұялы телефон дабылдарын басу құралдарын орнату жоспарланып отырған 7 Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткізу орындары  үй-жайларда оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ЭМӨ деңгейлеріне  498  өлшеу жүргізіліп, ауытқушылық анықталмады.

Атырау облысының қоғамдық кеңесі шешімімен Атырау облысы білім беру басқармасына Ұлттық бірыңғай тестілеуден  өткізу кезеңінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету тапсырылды.  

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ