ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Мамыр айының соңында СЭСжМҒПО-да«ҚР-да аса қауіпті және карантиндік инфекциялардыңсырттан әкелінуінің  және таралуының алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу»  тақырыбында  республикалық семинар өтті.

       Семинар жұмысына қалалық және облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің эпидемиологтары мен зоологтары қатысты. «СЭСжМҒПО» Бас директоры м.а. орынбасары Сәуле Шарипова семинар жұмысын ашып, өз ойын былай сабақтады: «Карантиндік және аса қауіпті инфекциялар дүние жүзінде және Қазақстан Республикасында өзекті проблема болып отыр. Дүние жүзілік қоғамдастық елдерінің бәрінде дерлік инфекциялық аурулардыңел ішіне әкелінуінің және таралуының алдын алу үшін жалпымемлекеттік іс-шаралар жүйесі бар.   ҚР аумағы өзінің географиялық орналасуы жағынанЕуропа мен Азия арасын жалғаушы көпірболып саналады, бұлбірқатар инфекциялық аурулар бойынша қолайсыз іргелес мемлекеттерден келіп түсетін тауарлар мен жүктердің, тұрғындардың біршама транзиттік ағынын айқындайды.

       Шет елдердегі аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарының белсенділігі, соңғы онжылдықта инфекциялардың жаңа формаларының пайда болуы, «бұрынғы» инфекциялық аурулардың қайтадан өрбуі РҚ шекарасы мен аумағын санитариялық жағынан қорғауды қамтамасыз етуге айрықша көңіл аударуды талап етіп отыр». Сондай-ақ ҚР-дағы  эпизоотикалық және эпидемиялық жағдайға толық талдау жасалып, сипаттама берілді. Елдің шекарасын инфекциялық аурулардың әкелінуінен қорғау – алдын алу жұмысында өте кең тараған белгілі, тиімді және бұрыннан қолданылатын бағыттардың бірі. Халықтың көші-қонына байланыстыжақын және алыс шетелдерден карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың  Қазақстанға әкелінуінің мүмкін екендігін ескерсек,бұл өте маңызды жайт.Сонымен, мысалы, егер 2014 жылы Денге ауруының сырттанәкелінген 4 жағдайы тіркелсе, 2015 жылы 6 жағдайы тіркелген. Бұл ретте Қазақстан аумағыныңшамамен 40%-ын әртүрлі аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарының алып жатқандығын ескеру керек. Сонымен қатар, Қазақстан аумағында 2014-2015 жылдары оба, тырысқақ, күйдіргі, туляремия сияқты аурулар тіркелген жоқ. Алайда Қазақстан Республикасында адамдардың құтырмамен және Конга-Қырым геморрагиялық қызбасымен ауруы, өкінішке орай, өзекті мәселе болып отыр.2014 жылы 3 адам құтырмамен ауырды, ал 2015 жылы 6 адам ауырды. 2016 жылғы 4 ай ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 4 адам құтырмамен ауырды .

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Ә.М.Айқымбаев  2016 жылғы Олимпиада ойындарына қатысушылар үшін Зика қызбасының алдын алу жөніндегі Жадынама әзірлеу туралы  егжей-тегжейлі айтып берді.  Тамыз айында  Рио-де-Жанейрода жылы ауа райы күтілуде, Олимпиада стадионына көптеген команда  қатысушылары шорты, жеңі қысқа көйлек, жейделерді киіп шығады. Бірақ, мысалы, Қорей Республикасының ұлттық құрамасы қай елге бармасын, Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанатындамасаларды үркітетін  репеллент сіңген киім киіп, ұзын балақ шалбар және  жеңі ұзын көйлек киіп шығады.

Республикалық  семинар бекітілген бағдарлама бойынша ұйымдастырылып,өткізілді. Баяндамашылар семинар жүргізу барысында қайтаданпайда болған инфекцияларды, зоондардың табиғи ошақтарын, туберкулезді  эпидемиологиялық және эпизоотологиялық қадағалау жүйесі бойынша, туляремия, БСГҚ, КҚГҚ табиғи ошақтарындағы зоологиялық-паразитологиялық топтардың тәжірибелік жұмысы жөнінде, спецификалық және спецификалық емес алдын алу шараларын ұйымдастыру жайлы, КжАҚИ-ды зертханалық диагностикалау және мониторингілеуәдістерін пайдалану туралы баяндама жасады.

      СЭСжМҒПО  Алматы қ.дезинфекция станциясының қызметкерлерімен бірлесіп, кене жинау және кенеге қарсы өңдеу жүргізу әдістемесі бойынша  практикалық сабақтарды ұйымдастырып, өткізді.

Облыстық ТҚҚД мамандарына, зоологтарына республикалық семинардың материалдарынтаныстырды және парақша мен журнал түрінде карантиндік және аса қауіпті инфекциялар жөніндегі ғылыми әдебиеттер, парақшалар таратылды.

Республикалық семинар жұмысына ҚР ҰЭМ ТҚҚК,  ҚР ҰЭМ ТҚҚК  ҚКжЗИҒО, Ақмола, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай  облыстары ТҚҚД мен ҰСО филиалдары және Қазақстанның басқа да өңірлері мен облыстарыныңөкілдері қатысты. 

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ