ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

СЭСжМҒПО-да Мемлекеттік рәміздерге арналған ұжым жиналысы өтті.    

1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бекітілді.

2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы» ҚР Конституциялық заңы қабылданды.

Мемлекеттік рәміздер – мемлекет тәуелсіздігінің негізі. Бұл рухани, идеялық-адамгершілік мәдениеттің  дамуына және еліміздің тәуелсіздік идеясын, өзіндік ерекшелігін нақты көрсетуге мүмкіндік беретін саяси мәдениет бөлігі. Өз Отанына деген терең сүйіспеншілік, жақсылық, сұлулық, халықтың түп тамыры мен салт-дәстүріне деген құрмет, осының барлығы Мемлекеттік рәміздерде нақты көрсетілген. Отанға деген ыстық сезім, еліне деген мақтаныш елінің рәміздеріне деген құрметтен басталады. Сондықтан барлық уақытта Мемлекеттік рәміздер ұлт мақтанышы болады және оларды қастерлеу керек.

         ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қ. бойынша департаментінің Бас маманы Нысанбек Әдемі Қазақстандағы Мемлекеттік рәміздердің қолданылу ережелері туралы айтты. Алматы қ. Ішкі саясат басқармасының Бостандық ауданы бойынша Аумақтық бөлімінің бастығы Нысанбаев Әділет  ҚР Мемлекеттік рәміздерінің  насихатталуы мен қолданылуы жайлы баяндады,  «Нұр Отан» партиясының Бостандық АФ Саяси кеңес мүшесі Әуелбай Мұхит өз баяндамасында еліміздің абыройы жөнінде мақтанышпен айтып шықты .            

 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ