ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Медицина қызметкері күніне орай «СЭСжМҒПО-да» кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиналыс өтті. «СЭСжМҒПО» Бас директоры м.а. Е.Е.Дүрімбетов жылы лебізін білдіріп, кәсіби мерекемен құттықтады. «Медицина – барлық өнердің ішіндегі ең игілікті іс. Өз өмірінде дәрігердің көмегіне жүгінбеген бірде- бір жан жоқ деуге болады. Бұл - адамгершілігі мол және өте қажетті кәсіп. Әлемде дәрігерден асқан қайырымды жан, дәрігер кәсібінен маңызды мамандық жоқ шығар. Медицина дамымағанда,  адамзаттың да дамуы неғайбыл еді. Медицина - ең маңызды, күрделі және көпфункционалды сала. Медицина қызметкері күнін тойлау барлық медицина қызметкерлерінің жиналып, өз кәсіптерінің маңыздылығын және қоғамда өзге кәсіппен алмастыруға келмейтін кәсіп иелері екендігін сезінуге себеп болады. Бұл күні барлық медицина саласында жұмыс істейтін азаматтарға – Әрбір адам үшін маңызды мықты денсаулық, бақыт, береке, отбасының тыныштығы мен ашық аспан тілеймін, – деді Еркін Ермекұлы –Санитариялық қызметті әр жылдарда басқарған азаматтарды да ескеріп, есте сақтау керек». СЭСжМҒПО басшысы Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбектің құттықтау сөзін ұжымға  жеткізді.

Еркін Дүрімбетов ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  «Еңбек ардагері» медалін денсаулық сақтау саласындағы көп жылдық еңбегі, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге белсене араласқаны үшін    Бабажанова Шырын Дадашқызына тапсырды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Құрмет грамотасымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау қызметін дамытуда қосып жүрген үлесі үшін Ғалия Сатыбалдиева және  Алғыс хатымен  Піржанова Тазахан марапатталды.

           Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, Ұлттық медицина ассоциациясының атынан «Алтын дәрігер» төс белгісімен Айзверт Лаврентий Готлибович және «Мейірім» төс белгісімен Самсакова Бимария марапатталды. Сондай-ақ аталған мекеменің Құрмет грамотасымен К.М.Сариева, Г.Ш.Сүйіндікова, Г.Т.Усманова және Алғыс хатымен М.Қ.Смағулова, К.К.Аяпбергенов, И.И.Куклиновский марапатталды.

Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының Бостандық аудандық филиалының марапаттау грамотасымен, Медицина,  санэпидқадағалау және сараптамалау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен  мекеме қызметкерлері марапатталды.

       Бұл күні Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының қалыптасу тарихында орын алатын санитариялық-эпидемиологиялық қызметке еңбегі сіңген зейнеткерлер мен ардагерлер де ұмыт қалмады. Ұлттық медицина ассоциациясының «Алтын дәрігер» төс белгісімен Майдан Спатаев және Виталий Шеянов марапатталса, мекеменің «Құрметті қызметкері» белгісімен Майдан Спатаев, Виталий Николаевич, Людмила Афанасьева, Елшібай Мұстапаев,  Геннадий Вдовиченко марапатталды. Мекеменің Алғыс хатымен Қажығали Кардасинов, Наталья Вдовиченко, Галина Митрозаева, Валентина Овчиникова, Лера Криницина, Бахыт Нургалыкова, Раиса Бондарева, Надежда Баранова марапатталды. 

Салтанатты жиналыс мекеме қызметкерлері мен ардагерлерге арналған концерттік бағдарламамен  аяқталды. 

 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ