ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

ҚР ҰЭМ ТҚҚ Комитетінің Атырау облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті және облыстық денсаулық сақтау басқармасымен 2016 жылдың 15 маусымында облыстың емдеу алдын алу мекемелерінің өкілдері (госпитальды эпидемиологтар, инфекциялық бақылаудың мейірбикелері), қалалық, аудандық ТҚҚ басқармаларының бас және жетекші мамандары қатыстысуымен денсаулық сақтау ұйымдарында инфекциялық бақылау жұмысын ұйымдастыруды және жүргізуді жақсарту мақсатында облыстық семинар өткізілді.

Облыстық семинарды Атырау облыстық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департамент басшысының орынбасары Уайсов Ерболат Инаматұлы  алғы сөзбен ашты. 

Семинарда Атырау облыстық ТҚҚ департаменті ауруханаішілік жұқпаларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Исламова Н.Н., денсаулық сақтау басқармасының штатан тыс эпидемиологі Таубаева Г.Д.., «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалының дәрігер бактериолог Куанова Г.С., Атырау қалалық перзентханасының дәрігер эпидемиологі Джанабаева М.Ж., медициналық клиника «Медикер Жайық» ЖШС-сі дәрігер-эпидемиологі Кван С.М баяндамалар жасады.

Аймақтағы аурухана инфекциялардың алдын алу негізгі проблемалары емдеу алдын алу мекемелерінде аурухана инфекциялар жағдайларды анықтау және тіркеу төмен деңгейі, госпитальды эпидемиологтар мен инфекциялық бақылау медбикелерімен толық қамтылмауы, емдеу алдын алу мекемелерінде мамандардың білімін жетілдіру мақсатында оқытудың төмендігі, ірі медициналық мекемелерде микробиологиялық зертханалардың болмауы, медициналық ұйымдардың орталықтандырылған суық және ыстық сумен, кәрізбен, сорып-шығаратын желдеткіштермен, бір рет қолданатын медициналық құралдармен және әбзелдермен жекткіліксіз қамтамасыз етілуі және стерилдегіш құрал-жабдықтардың тозуы, қазіргі заманға сай зарарсыздандыру құрал-жабдықтары мен дезинфекциялау камераларымен ем деу алдын алу мекемелері төменгі деңгейде қамтылуы болып табылады.

Семинарға 38 медицина қазметкерлері қатысты.

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ