ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

      2016 жылғы 11 шілдеде ҚР ҰЭМ ТҚҚК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ-ғы РМК-ның конференц залында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.   Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Стратегиясы  және Бес институционалды реформаны жүзеге асыру барысында қабылданған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында                                                                     Сыбайлас жемқорлыққа қарсы   іс-қимыл ұлттық бюросының                                                                Алматы қаласы бойынша департаментінің Жедел басқарма бөлімінің басшысыРинат Айдарұлы Нүкежанов баяндама жасады.
        
«Бұл тақырып кездейсоқ таңдалып отырған жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенцияларын және басқада халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды – деді өз сөзінде баяндамашы.

      Елбасының Жарлығымен қабылданған «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегия», оның негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлықтың алғы шарттары, оны тудыратын себептермен күресуге арналған кешенді шаралар да талқыланды. Сонымен қатар, «Қазақстан - 2050» Стратегиясының маңызды мәселелері туралы және  Қазақстанның әлемнің 30 ең дамыған елдердің қатарына кіру жөніндегі оңтайлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеті туралы айтылды. 

    Шараның маұқсаты - 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Стратегиясы, оның негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлықтың алғы шарттары, оны тудыратын себептермен күресуге арналған кешенді шараларды талқылау.   

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ