ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Алматыда 2016 жылғы 24-26 тамыз аралығында  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ)  жетекшілік етуімен, полиомиелиттің әлеуетті бұрқ етпесіне немесе полиомиелит вирусына байланысты оқиғаға Орталық Азия (Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан) және Қазақстан елдерінің дайындығын қамтамасыз ету бойынша "үстел басында" оқу-жаттығу өтті.

Бұл іс-шараның жұмысына 5 елдің 35-тен астам өкілі (инфекционистер, эпидемиологтар және вирусологтары), сондай-ақ ДДҰ, ДДҰ Еуропалық бюросының, Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі Америкалық орталықтардың, ЮНИСЕФ сарапшылары қатысты.

Жаттығулардың негізгі мақсаты– жабайы полиовирустың (ДПВ) ықтимал әкелінуіне немесе вакцинді-туыстық айналымдағы полиовирустың (цВРПВ) пайда болуына елдердің дайындық деңгейін арттыру және сәйкесінше, қайта қаралған стандартты операциялық процедураларға сәйкес полиомиелит өршуіне жауап қайтару кезінде қабылдануы тиіс эпидемияға қарсы сыни іс- шараларды түсінуді жақсарту, сондай-ақ  жабайы немесе  вакцинді-туыстық айналымдағы полиовирустарды анықтауға жауап ретінде жаңартылған Ұлттық  іс-қимыл жоспарының жобасын дайындау.

Оқыту жаттығуларында полиомиелит бұрқетпесінің симуляциясымен бірқатар сценарий қолданылды. Оқу-жаттығуға қатысушы-елдердің мамандары эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды, оның ішінде Халықаралық медициналық-санитариялық ережелер мәселелері жөніндегі ДДҰ(ХМСЕ, ДДҰ, 2005 ж.) Келісім- шарттармағын уақытылы хабарлау бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысты, сонымен қатар полиомиелит бұрқетпесі кезінде жауапты іс- шараларды, оның ішінде: ақпараттарды жинап, өңдеу; техникалық және адами ресурстарды анықтау, әлеуметтік жұмылдыру; қаржы құралдарындағы, шығыс материалдарындағы және вакцинаға жұмсалатын қажеттіліктерді қалыптастыру, логистикалық процедуралар бойынша жауапты іс- шараларды іске асыру рәсімдерін талқылады.

Оқу-жаттығуға қатысушылар полиомиелит вирусы негіздеген бұрқ етпеге немесе оқиғаға жауапты іс-шараларды іске асыру бойынша Ұлттық іс-қимыл жоспарының жобасын әзірледі.

Практикалық сабақтар барысында ДДҰ және ЮНИСЕФ сарапшылары жаттығудың нәтижелерін жоғары деңгейдебағалады, сондай-ақ елдердегіерекшеліктермен жәнемамандарды орындарында тарта отырып сценарий әзірлеп, осыған ұқсас ұлттық оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу жөнінде ұсынымдар берді.

    

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ