ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Қазақстан Республикасында ауруханаішілік инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалауды бұдан әрі жетілдіру мақсатында 2016 жылдың 8 қыркүйегінде Атырау қаласында емдеу-алдын алу мекемелерінің, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстық ТҚҚ департаменттерінің, басқармаларының, Ұлттық сараптама орталықтары филиалдарының мамандарына арналған медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалаудың өзекті мәселелері жөніндегі көшпелі республикалық семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған семинарға ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – СЭС және МҒПО) және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың саламаттылығы саласындағы қадағалау бойынша Федералдық қызметтің Г.Н.Габричевский атындағы Мәскеу эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институты мамандары қатысты.

         Семинар – кеңеске Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының бас дәрігерлері, бас дәрігерлердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарлары, госпиталдық эпидемиологтар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері мен басқармаларының басшылары, Ұлттық сараптама орталығы  филиалдарының мамандары қатысты.

         Көшпелі республикалық семинардың қатысушыларына Атырау облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ө.Зинуллин мен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Т.Нұржігітов алғысөзін арнады.

         Көшпелі республикалық семинарда «СЭС және МҒПО» ШЖҚ РММ инфекциялық бақылау мониторингі мен  дезинфектология басқармасының басшысы, жоғары санатты дәрігер Е.А.Лавлинская, СЭС және МҒПО кеңесшісі, профессор, м.ғ.д. А.М.Айқымбаев, Г.Н.Габричевский атындағы МЭжМ ҒЗИ жетекші ғылыми қызмерткеті, м.ғ.к. Т.А.Гренкова, Атырау облысы ТҚҚД-нің ауруханаішілік инфкецияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Н.Н.Исламова, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас эпидемиологі Г.Д.Таубаева, Атырау облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары А.Ж.Егізбаев баяндама жасады.

         Ауруханаішілік инфекциялар әлемнің барлық елдерінде денсаулық сақтау саласының ең маңызды және өткір проблемаларының бірі болып табылады. 

         Ауруханаішілік инфекциялар қауіпті аурулардың бірі болып табыла отырып, әлемдік медицина қауымдастығымен ең қиын емделетін және емдеуі қымбат деп танылған.

         Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

 

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ