ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Атырау қаласында жалпы білім беру ұйымдарының басшылары және оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыратын жеке кәсіпкерлермен семинар өткізілді.

Атырау қаласында 2016 жылғы 9 қыркүйекте Атырау қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының басшылары және оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыратын жеке кәсіпкерлермен семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты -  жаңа 2016 – 2017 оқу жылында оқушылар арасында   жаппай тамақтан улану мен жұқпалы  аурулардың  алдын алуды, оқушылардың тиімді  тамақтануын  қамтамасыз ету.

Семинарда  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің             29.12.2014 жылғы  №179 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары, оқушылар арасында тамақтан улану және түрлі жұқпалы  ауруларды болдырмау іс-шаралары түсіндірілді.

Атырау  облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің  22.08.2016 жылғы «Атырау облысының мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарында  жаңа 2016 – 2017 оқу жылы оқушылар арасында   жаппай тамақтан улану мен жұқпалы  аурулардың  алдын  алуға бағытталған  санитариялық – эпидемияға қарсы  (профилактикалық) іс – шараларды  жүргізу  туралы» №4 қаулысы таныстырылды.

Семинарға жалпы білім беру ұйымдарының басшылары, жеке кәсіпкерлер, мектептің медицина қызметкерлері қатысты.

Семинарға қатысушы мектеп  басшылары атқарылып жатырған жұмыстарды баяндап, проблемалық сұрақтарды көтерді.

 

Исатай ауданында емдеу – алдын алу мекемелері

мамандарымен мәжіліс өткізілді.

         2016 жылдың  13 қыркүйегінде Исатай   аудандық тұтынушылардың  құқықтарын қорғау басқармасы аудандық емдеу - алдын алу мекемелері мамандарының қатысуымен мәжіліс өткізді. Мәжілістің күн тәртібінде ауданның емдеу - алдын алу мекемелерінде алдын алу екпелерімен қамтудың қанағаттанарлықсыз жағдайы, 1-сынып оқушылары арасында туберкулезге қарсы ревакцинациялауды жүргізу туралы мәселелер қаралды.  Мәжіліске ауданның емдеу-алдын алу мекемелерінің бас дәрігерлері, медицина қызметкерлері қатысты.

         Мәжілісті Исатай аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы С.Б.Габитова ашып жүргізді. Одан әрі екпе жұмысы туралы Исатай аудандық ТҚҚБ бөлім басшысы Б.Қартмағанбетова,  аудандық аурухананың  педиатры  Г.Балмурзина хабарламалар жасады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Исатай аудандық ТҚҚ басқармасының маманы Ө.Шакесованың хабарламасы тыңдалды.  Мәжіліс қорытындыланып, тиісті шешім қабылданды.

Махамбет ауданында білім беру ұйымдарының басшыларымен семинар өткізілді. 

2016 жылғы  7 қыркүйекте Махамбет аудандық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында аудандық білім бөлімінің, білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен семинар өткізілді.   

Семинарда Махамбет  аудандық ТҚҚ басқармасының жетекші маманы С.Қабазова қатысушыларды Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің  «Атырау облысының мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарында жаңа 2016-2017 оқу жылында оқушылар арасында жаппай тамақтан улану мен жұқпалы аурулардың  алдын  алуға бағытталған санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы» 2016 жылғы 22 тамыздағы  №4 қаулысымен  таныстырды.  

Семинарға  Махамбет аудандық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары, мектеп басшылары қатысты.  

         Семинар  қорытындысымен балалар арасында жұқпалы аурулардың және жаппай тамақтан уланудың алдын алуға, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың орындалуын қамтамасыз етуге  бағытталған  нақты  тапсырмалар  берілді.  

 

 

 

 

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ