ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

2016 жылдың 16 қыркүйегінде Атырау облысының әкімі Н.Ноғаевтың төрағалығымен Атырау облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және жою мәселелері туралы селекторлық мәжіліс өткізілді.

         Селекторлық мәжіліске облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы және облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес төрағасы, Атырау табиғат қорғау прокуроры, Атырау қаласы, аудандар және ауылдық округ әкімдері, облыстық басқармалар басшылары, жергілікті полиция басшысы, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және жоюмен айналысатын кәсіпорын басшылары және басқа да шақырылған тұлғалар қатысты.

         Мәжілісте Атырау қаласында және облыс елді мекендері аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және жоюмен айналысатын мекемелердің материалдық-техникалық базасының төмендігі, қалдықтарды жинауға арналған контейнерлердің жеткіліксіздігі, қалдықтар орналастырылатын полигондардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмеуі сияқты мәселелер талқыланды.

         Мәжілісте күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша Атырау облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы Ө.Зинуллин сөз сөйледі.

         Селекторлық мәжіліс қорытындысында тиісті шешімдер қабылданып, тиісті органдарға қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және жою жағдайын жақсарту жөнінде тапсырмалар берілді.

   

 

 

 

 

 

 

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ