ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

СЭСжМҒПО-да «2015-25 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия туралы» семинар өтті. Ғылыми-практикалық орталықтың ұжымы алдында «Нұр Отан» партиясының Бостандық аудандық филиалының ПБК төрағасы Бақытбек Жұмабаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесін ің төрағасы Фархат Жалилов сөз сөйледі. Атап айтқанда,  «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» және «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының  тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2050 жылға дейін Қазақстанның ары қарай даму стратегиясын айқындап, тәуелсіздікке, бостандыққа және демократияға негізделген қоғамның және мемлекеттің құрылуының маңызды тарихи деңгейінің табысты аяқталғанын атап өтті. «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу ымырасыз жемқорлықпен күресуде ғана мүмкін. Елбасы айтқандай, «Қоғам мен мемлекет жемқорлыққа қарсы күресте бір майданда болуы қажет. Сыбайлас жемқорлық – бұл жай ғана құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттік тиімділігіне деген сенімді бұзады және ұлттың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төңдіреді».

Сыбайлас жемқорлық  біздің мемлекетіміздің терең құндылықтарына – Қазақстанның барлық жетістіктері мүмкін болған Тәуелсіздікке қауіп төңдіріп тұр. Сыбайлас жемқорлық еліміздің рухани және әлеуметтік-экономикалық   озықтығына шыңайы кедергі жасап, қоғамның мемлекетке деген сенімін бұзады, мемлекет билігінің тиімділігін төмендетеді. 
          Партия көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отанның» XV съезіндегі «саяси көшбасшылықтың түбегейлі мәселесі – біздің сыбайлас жемқорлықпен ымыраға келмейтін стратегиямыз» деген тұжырымы қоғамның қазіргі үмітіне толық сай келіп отыр. «Нұр Отан» партиясы елдің келешегі мен азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тарихи жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, қоғам мен мемлекеттің күшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымыраға көнбейтін іс-қимылға, оның пайда болу себептерін жоюға жұмылдырады. Партияның саяси Доктринасында бекітіліген – адам, бостандық, заңның үстемдігі, әділеттілік, ынтымақшылдық, болашаққа ұмтылыс, отбасы мен дәстүр сынды әмбебап құндылықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрестің идеялық негізін құрайды. Бағдарлама қоғам мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш-қуатын жұмылдыруға бағытталған саяси құжат болып табылады. Партия бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік стратегиясының идеологиялық негізін қалайды.

          Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бері сыбайлас жемқорлықпен күрес республикамыздың мемлекеттік саясатының басты басымдығының бірі болып келеді. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғаш «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998 жыл) және «Мемлекеттік қызмет туралы» (1999 жыл) заңдарды қабылдап, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі арнайы мемлекеттік орган құрды. Мемлекеттік аппараттың, мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиімділігі мен айқындығы жүйелі түрде артып келеді, бизнеске әкімшілік салмақ салу түбегейлі азайтылды, жемқорлыққа қарсы заңнама жетілдіріліп, қоғамдық бақылаудың аясы кеңеюде. 

«Нұр Отан» партиясы өзінің құрылған кезінен бастап қоғамның сыбайлас жемқорлыққа деген жиреніш сезімін табанды түрде қалыптастыра отырып, онымен мақсатты күрес жүргізіп келеді. Партияның Сайлауалды тұғырнамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арнаулы бөлім бар. 

«Нұр Отан» 2008 жылы қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі партиялық бағдарламаны белсенді жүзеге асыруда. Бағдарлама аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен азаматтардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық инфрақұрылымын құру, тұлғаларды лауазымына қарамастан жауапқа тарту, жемқорлыққа қатысты мәселелерді ашық талқылау бойынша негізгі міндеттер өз шешімін тапты. 

           Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің, өңірлік және аумақтық қоғамдық кеңестердің жұмысы аясында, сондай-ақ барлық деңгейдегі депутаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ-тың қатысуымен жемқорлық дерті дендеген салалардың қоғамдық бақылаумен қамтылу өрісі айтарлықтай кеңейді. 

Азаматтардың сеніміне ие болған Қоғамдық қабылдаулар кері байланыстың тиімді жолына және тұрғындардың құқықтарын қорғаудың пәрменді құралына айналды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңеспен бірлесе жұмыс жасау жөнінде ұсыныс айтып, СЭСжМҒПО Бас директорының орынбасары С.Ф.Шарипова сөз сөйледі.

 

 

 

 

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ