ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

    ҚР ҰЭМ ТҚҚК Атырау облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен Атырау облысы аумағында табиғи-ошақты, зооантропоноздық инфекциялардың алдын алу іс-шараларын күшейту туралы дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге департамент басшысының орынбасары Е.И.Уайсов төрағалық етті.

    Аталған шараға ҚР ҰЭМ ТҚҚК Атырау облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Атырау қалалық ТҚҚ басқармасы, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы, «Республикалық ветеринарлық зертхананың» облыстық филиалы, облыстық ветеринариялық басқармасы және Атырау обаға қарсы күрес станциясы, қалалық ветеринария бөлімі басшылары мен мамандары қатысты.

    Атырау облысы ТҚҚ департаменті басшысының орынбасары Е.И.Уайсов алғы сөзінде Халықаралық құтыру ауруымен күрес күні, сондай-ақ табиғи-ошақты және зооантропоноздық жұқпаларға эпидемиологиялық және эпизоотологиялық қадағалаудың өзекті мәселелері туралы атап өтті.

    Атырау облысы ТҚҚ департаментінің карантинді және аса қауіпті жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманының, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының биологиялық қауіпсіздік бөлімі басшысының, облыстық Ветеринариялық басқармасының ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және талдау бөлімі басшысының, Атырау обаға қарсы күрес станциясының басшысының баяндамалары тыңдалды.

    Дөңгелек үстелде аумақтағы табиғи-ошақты, зооантропоноздық жұқпалардың эпизоотологиялық және эпидемиологиялық жағдайы, алдын-алу шаралары, сондай-ақ құтыру, сібір жарасы, сарып бойынша келелі мәселелерді шешу жолдары қаралды.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ