ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

      2016 жылы 03 қазаннан Қазақстанда тұpғындарды тұмауға қарсы жаппай егу науқаны басталды.

     Тұмауға қарсы жалғыз тиімді қорғаныш құралы – вакцинация. Қазақстанда, бүкіл дүние жүзіндегідей, аталған эпидемиологиялық маусымда ең өзекті тұмау вирустарының штаммдарынан тұратын тұмауға қарсы тиімді вакциналармен егу жасалады.

  Эпидемиялық маусымда 2016-2017 жж. республикада вакциналардың үш түрі тіркелді: Гриппол + («ПетроваксФарм» ҮЕҰ» ЖШҚ, Ресей), Ваксигрипп (Санофи Пастер фирмасы, Франция) және Инфлювак (Солвей Фарма фирмасы, Нидерланды).

   Тұмауға қарсы вакцинациялау үшін тіркелген вакциналардың кез келгенін пайдалануға болады.

   ДДҰ қарсы көрсетілімдері болмағанда барлық тұрғындаға тұмауға қарсы екпе алуды ұсынады.

  Бұл ретте, мынадай жеке санаттағы азаматтар тегін егіле алады: медицина қызметкерлері, II және III триместрдегі жүкті әйелдер, медицина ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған балалар, алты айдан асқан әлсіз және жиі ауыратын балалар, балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің тәрбиеленушілері, қарттар үйіндегі контингент және мүгедектер.

  Тұмауға қарсы екпе алу үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бар ақылы медициналық кабинеттерге жүгіну керек.

  Адамдардың тұмауға шалдығуы басым болып келеді. Бронхит, пневмония, менингит, энцефалит, пиелонефрит, полиневрит және т.б. сияқты тұмаудың асқынуы өте қауіпті. Асқынулар адамды мүгедектікке әкелуі мүмкін, ауыр жағдайларда өлім-жітімге де алып келеді. Тұмаумен ауырғаннан кейін мынадай созылмалы аурулар күшейіп асқынады: бронхиалдық демікпе, созылмалы бронхит, жүрек тамыр аурулары, зат алмасудың бұзылуын қоздыратын аурулар және т.б.

   Осыған байланысты ЖРВИ-дің және тұмаудың алғашқы белгілері мен симптомдары пайда болған жағдайда уақытылы аурудың алдын алып, дереу медициналық көмекке жүгінген өте маңызды. ЖРВИ мен тұмау ауруларының алдын алу мақсатында вакцинациядан басқа мынадай қарапайым қағидаларды сақтау керек:

   ЖРВИ-мен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болмау, науқастармен қарым-қатынаста болған кезде бет перде тағу, қолды сабынмен немесе антибактериалды заттармен (құрамында спирті бар ерітінділермен) жуу, жөтелгенде және түшкірген кезде бір рет қолданылатын қол орамал немесе майлық қолдана отырып, ауыз бен мұрынды жабу, кір қолмен көзді, мұрынды және ауызды ұстамау, адамдар көп жиналатын жерлерге (жиналыстар, кездесулер, ойын-сауық және спорттық іс-шаралар және т.б.) бармау, үнемі үй-жайды желдету, салауатты өмір салтын жүргізу (толыққанды ұйықтау, таза ауа, белсенді демалыс, дәруменге бай тағамдардың үйлесімді болуы). Жоғарыда көрсетілген спецификалық емес алдын алу шаралары организмге кез келген инфекциялармен күресуде көмектеседі.

  Аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде дені сау адамдармен қарым-қатынасты шектеу керек, ауру басталғаннан 7 күн бойы үйде болу қажет, күнделікті жеке гигиена шараларын сақтау және учаскелік дәрігердің ұсынымдары бойынша ертерек емделуді бастау үшін дәрігер шақыру керек.

   Өзін -өзі емдеу тұмаудың асқынуына алып келетіндігін есте сақтаңыз!

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ