ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

ҚР ҰЭМ ТҚҚК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ-ғы РМК-да 2016ж. 6 қазандаТілдер күнін атап өту мақсатында «Тіл – баға жетпес мұра» атты әдеби-мәдени кеш өтті. Тіл мерекесі қазақ халқының біртуар ақыны, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдық мерейтойымен орайластырылып өткізілді. Шығармашылық кешке Мұқағали ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев, келіні Бақытгүл Айдарова және ардагер санитарлық дәрігер Мұстапаев Елшібай келді. 

          Мекеме басшысы Е.Е.Дүрімбетов 1974 жылы ақынмен кездескендігі жайлы деректер айтып, Мұқағалидың ақындығына тоқталды. Ақынның ұлы мен келіні ақын мұраларының өміршеңдегі мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөліне тоқталып өтті. Санэпид қызметте еңбек еткен ардагер Е.Мұстапаев ақиық ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Ұжымға ақынның шығармашылығы туралы слайд көрсетілді.  

Қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағалидың өлеңдері оқылды, әндері шырқалды.Бұл кеш «Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қайтарған» Мұқағали Мақатаев поэзиясының мәңгілік екенін тағы бір мәрте танытты. 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ