ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Республика бойынша ЖРВИ және тұмаудың эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

2016/2017 жылдардың 40 – аптадасында эпид кезеңінде ЖРВИ-дің 13623 жағдайы, тұмау бойынша жағдай тіркелмеген. Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 125,36 құрады.

ЖРВИ-мен ауырғандардың негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар құрап отыр - 9428 жағдай (69,2%), 1 жасқа дейінгі балалар арасында 1363 (10,01%), ЖРВИ жағдайы, жүкті әйелдер арасында 184 жағдай (1,35%) тіркелген.

ЖРВИ диагнозымен 1202 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде жүкті әйелдер арасында – 114,  1 жасқа дейінгі балалар арасында – 334. 

Пневмонияның тіркелген 320 жағдайының, 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы үлесі – 65,9% (211 жағ.) құрады, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар – 26,8% (86 жағ.), жүкті әйелдер арасында - 1,2% (4 жағ.)

Республика бойынша  тұмауға қарсы 240 079 адам немесе республиканның жалпы халық санынан 1,3%-і егілді, оның ішінді:

- жергілікті бюджет қаражатынан - 230027 адам (95,8%);

- жұмыс берушілердің есебінен – 8724 адам (3,6%);

- ақылы клиникаларда – 1328 адам (0,6%).

Жалпы егілгендер арасындағы вакциналанғандар: 14 жасқа дейінгі балалар – 86515 (36%), ересектер – 153564 (6,9%), оның ішінде, медициналық қызметкерлер – 42722 (27,8%). 86057 жалпы егілгендер санынан, жүкті әйелдер арасында вакциналанғандар – 12881 (15%). Вакцинадан кейінгі асқынулар анықталған жоқ.

Адамдардың тұмауға шалдығуы басым болып келеді. Бронхит, пневмония, менингит, энцефалит, пиелонефрит, полиневрит және т.б. сияқты тұмаудың асқынуы өте қауіпті. Асқынулар адамды мүгедектікке әкелуі мүмкін, ауыр жағдайларда өлім-жітімге де алып келеді. Тұмаумен ауырғаннан кейін мынадай созылмалы аурулар күшейіп асқынады: бронхиалдық демікпе, созылмалы бронхит, жүрек тамыр аурулары, зат алмасудың бұзылуын қоздыратын аурулар және т.б.

 Осы себептерге байланысты ЖРВИ-дің және тұмаудың алғашқы белгілері мен симптомдары пайда болған жағдайда уақытылы аурудың алдын алып, дереу медициналық көмекке жүгінген өте маңызды.

 ЖРВИ және тұмау ауруларының алдын алу мақсатында вакцинациядан басқа мынадай қарапайым ережелерді сақтау керек: ЖРВИ-мен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болмау, науқастармен қарым-қатынаста болған кезде бет перде тағу, қолды сабынмен немесе антибактериалды заттармен (құрамында спирті бар ерітінділер)жуу, жөтелгенде және түшкірген кезде бір рет қолданылатын қол орамал немесе майлық қолдана отырып, ауыз бен мұрынды жабу, кір қолмен көзді, мұрынды және ауызды ұстамау, адамдар көп жиналатын жерлерге (жиналыстар, кездесулер, ойын-сауық және спорттық іс-шаралар және т.б.) бармау, үнемі үй-жайды желдету, салауатты өмір салтын жүргізу (толыққанды ұйықтау, таза ауа, белсенді демалыс, дәруменге байтағамдардыңүйлесімді болуы). Жоғарыда көрсетілген спецификалық емес алдын алу шаралары организмге кезкелген инфекциялармен күресуде көмектеседі.

  Аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде дені сау адамдармен қарым-қатынасты шектеу керек, ауру басталғаннан 7 күн бойы үйде болу қажет,  күнделікті жеке гигиена шараларын сақтау және учаскелік дәрігердің ұсынымдары бойынша ертерек емделуді бастау үшін дәрігер шақыру.

Өзін - өзі емдеу тұмаудың асқынуына алып келетіндігін есте сақтаңыз!

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ