ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

«Тұмау, тағамнан уланулар және өткір ішек жұқпалы ауруларының алдын алу» тақырыбындағы дәрістер

         Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің  «Атырау облысының мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарында жаңа 2016-2017 оқу жылында оқушылар арасында жаппай тамақтан улану мен жұқпалы аурулардың  алдын  алуға бағытталған санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы» 2016 жылғы 22 тамыздағы  №4 қаулысын орындау мақсатында 2016 жылдың 23-29 қыркүйегі аралығында Атырау қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары М.Әуезов, Абай, Чехов, Пушкин, Жамбыл, Ф.Оңғарсынова атындағы және №32, 15, 3 орта мектептердің оқушылары мен қызметкерлеріне тұмау, тағамнан уланулар және өткір ішек жұқпалы ауруларының алдын алу жөнінде дәрістер оқыды.

         Дәріс оқу барысында тыңдаушыларға тұмау және жіті респираторлық вирустық жұқпалар, өткір ішек жұқпалы ауруларының алдын алу, жалпы білім беру объектілерінде тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, жеке бас гигиенасын сақтау жөнінде ақпараттар берілді.

 Құрманғазы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында  құтырма ауруының алдын алу жөнінде дөңгелек үстел өткізілді

         2016 жылғы  28  қыркүйекте  Құрманғазы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында құтырма ауруының алдын алу жөнінде  дөңгелек  үстел өткізілді.

         Дөңгелек үстелді  Құрманғазы аудандық  тұтынушылардың  құқықтарын қорғау басқармасы басшысы жүргізіп отырды.

         Дөңгелек  үстелге  Құрманғазы  аудандық  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау басқармасының мамандары, аудандық ветеринария бөлімі басшысы, аудандық ішкі істер бөлімінің, білім беру бөлімінің,  Ганюшкин обаға қарсы күрес бөлімшесінің, аудандық аурухананың қызметкерлері қатысты.  

         Дөңгелек  үстелде құтырма ауруының алдын алуға,  санитарлық-эпидемиологиялық,  ветеринарлық қағидаларын сақтауға   бағытталған  нақты  іс-шаралар талқыланды.

         Дөңгелек  үстелде  халықтың арасында  құтырма ауруының  алдын алу  мақсатында  түсінік  жұмыстарын кең көлемде жүргізуге, мүдделі мекемелердің құтырма ауруына қарсы жұмыстарын күшейтуге назар аударылды.

Атырау облысында ЖРВЖ, оның ішінде тұмаудың алдын алу бойынша індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру туралы облыстық семинар өтті

2016 жылғы 7 қазанда Атырау облыстық ауруханасының базасында Атырау облысы ТҚҚ департаменті басшысының орынбасары Е.И.Уайсовтың төрағалығымен қалалық, аудандық емдеу - алдын алу мекемелерінің медициналық қызметкерлерінің (бас дәрігерлер орынбасарлары, бала дәрігерлері, терапевтер, екпемен айналысатын медбикелер, эпидемиологтар), Атырау қалалық, аудандық ТҚҚ басқармаларының мамандарының қатысуымен «Атырау облысында ЖРВЖ, оның ішінде тұмаудың алдын алу бойынша індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру туралы» облыстық семинар – кеңес өткізілді. Семинар – кеңеске барлығы 54 адам қатысты.

Семинарда республикадағы және облыстағы тұмау мен жіті респираторлық вирустық жұқпалардың эпидемиологиялық жағдайы, клиникалық белгілері, емдеу әдісі, зертханалық диагностикасы және алдын алу шаралары туралы мәселелер талқыланды.

Тұмаудың алдын алудың негізгі әдісі тұмауға қарсы екпе алу болып табылады. ДДҰ ұсынысы бойынша халық арасында тұмау ауруының алдын алу мақсатында облыс халқының 10-15 пайызын тұмауға қарсы екпемен қамту қажет. Вакцинациялаудың ең қолайлы уақыты - 1 қазан бастап 10 қарашаға дейін. Екпе алғаннан кейін иммунитет 2-3 аптадан соң қалыптасады.

ҚР  тұмауға қарсы екпенің 4 түрі тіркелген: «Инфлювак» - Нидерланды, «Ваксигрипп» - Франция, «Флюарикс» - Бельгия, «Гриппол» - Ресей.

Облыс бойынша тұмауға қарсы  вакцина алуға жергілікті бюджеттен 26 млн.теңге қаражат бөлініп, оған 30416 доза вакцина алынды. Облыс бойынша   халықтың неғұрлым әлжуаз топтары (созылмалы өкпе, жүрек –қан тамыры аурулары, иммундық жетіспеушілігі бар, әлсіз және жиі ауратын балалар, медицина қызметкерлері, жүкті әйелдер)  тұмауға қарсы тегін екпемен қамтамасыз етіледі.

2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылады

         2016 жылғы 12 қазанда Атырау облысы ТҚҚ департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындылары туралы кеңейтілген мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске аумақтық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармалары басшылары, ҚР ҰЭМ ТҚҚ комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалының мамандары, департаменттің бөлім басшылары қатысты.

Мәжілісте 2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар, туберкулезбен күрес және алдын алу шаралары, сыбайлас жемқорлықты болдырмау шаралары туралы мәселелер қаралды.

Мәжілістің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша департамент басшысының орынбасарлары баяндама жасады.

Атырау облысы аумағында 2016 жылдың 9 айында эпидемиологиялық ахуал тұрақты болды. Осы уақыт ішінде топтық тамақтан улану жағдайлары, іш сүзегі, қылау, полиомиелит, көкжөтел, қырылдауық сияқты жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.

Мәжілісте атап өтілгендей, облыс аумағында жұқпалы аурулармен аурушаңдық деңгейі 9 түрі бойынша төмендеген, оның ішінде жіті ішек ауруларымен аурушаңдық 9,4%, ротавирустық энтерит 49,8%, жіті респираторлық вирустық инфекциялармен аурушаңдық 10,7%, қызылша 24,9%, туберкулезбен ауршаңдық 12,5% төмендеді.

Туберкулездің алдын алу шараларын жақсарту, туберкулезді анықтау, емдеу тиімділігін арттыру,  науқастарды әлеуметтік қолдау, аудандардағы туберкулезбен күрес жағдайын аудандық мәслихаттардың кезекті сессияларында тыңдау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Ағымдағы жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын фактілерді болдырмау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа  төзімсіз көзқарасты қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар атқарылды.

Мәжіліс қорытындысымен жұқпалы ауруларды азайтуға бағытталған алдын алу және індетке қарсы шараларды, объектілерді тексеру тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын, оның ішінде интернет порталдар арқылы қызмет көрсетуді жақсарту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі барлық шараларды алу туралы нақты тапсырмалар берілді.

Кеңейтілген мәжілісті Атырау облысы ТҚҚ департаменті басшысы қорытындылап, тиісті қаулылар алынды.

 

 

 

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ