ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Республика аумағында 03 қыркүйектен бастап 2016-2017 жж. аңшылық маусымы ашылды. Жабайы аңдардың (аю, қабан, борсық, т.б.) жеткіліксіз термиялық өңделген етін тамаққа пайдалану адам денсаулығына белгілі бір қауіп төндіреді. Қауіпті, ауыр өтетін аурулардың бірі трихинеллез болып табылады, оны ет және ет өнімдерін инфекция (тартылған шикі ет, шикі қақталған шұжық және сан еттер, кәуап, қуырылған ет және т.б.) тамаққа пайдалану кезінде жұқтырады.

 Адамдардың бұл ауруды ең көп жұқтыру жағдайы АҚШ-та, Еуропада (Германия, Польша басқ. елдер) байқалады. Бұрынғы Одақ елдерінде аурудың  негізгі эндемиялық ошақтары - Солтүстік Кавказ, Беларусь, Грузия, Литва. Соңғы жылдары трихинеллез ошақтары жеке шошқа шаруашылығының дамуы салдарынан Ресей мен Украина орталығында қалпына келтіріле бастады.

Трихинеллездың алдын алу мақсатында мыналарға:

- трихинеллеа дернәсілдерінің болуына алдын ала ветеринариялық-санитариялық сараптамаларсыз жабайы қабан, басқа да жыртқыш жануарлардың етін тамаққа пайдалануға;

- орманда жыртқыш аңдардың терісін алғаннан кейін олардың өлексесін қалдыруға (Тушаны кемінде 2 метр тереңдікте көму немесе жағу жолымен жою керек);

- трихинелласкопиялык зерттеулерсіз және 2 сағат бойы қайнатпай жабайы жыртқыш аңдардың етін үйдегі шошқаларға және иттерге беруге;

- белгісіз адамдардан, мемлекеттік сауда орындарынан тыс жерлерде ет өнімдерін, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу туралы куәлігі немесе белгісі жоқ ет өнімдерін сатып алуға тыйым салынады.

Шошқа қораларда тышқандар мен егеуқұйрықтарға қарсы міндетті түрде өңдеу жүргізу қажет.

Қазақстан Республикасында қолданыстағы ережелер бойынша трихинелла дернәсілдері табылған жағдайда ет және ет өнімдерін жоюға тиіс. Шикі түрінде де, термиялық өңделген түрінде де өнім қауіпті болады. Ет және ет өнімдерін олардың ілеспе құжаттары болған кезде белгіленген орындардан сатып алу керек.

 

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ