ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

    2016 жылдың қазан айының 10-15 аралығында Қазақстан делегациясы (Қуатбаева Айнагүл Муханқызы – ҚР ҰЭМ ТҚҚК СЭСжМҒПО инфекциялық және паразиттік аурулардың эпидемиологиялық мониторингілеу департаменті директорының орынбасары және Аханаева Ұлбосын Өмірбайқызы – Қызылорда облысы ТҚҚ департаменті директорының орынбасары) Еуропа өңіріндегі аурулардың бұрқетпесі және жауапты іс-қимыл туралы хабарлау жөніндегі Ғаламдық желісінің серіктес мекемелерінің (GOARN) Бірінші кеңесіне қатысты.

   Бұл іс-шара Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Б.Н. Ельцин атындағы Президент кітапханасында өтті және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросындағы (ДДҰ ЕӨБ) 30 елдің өкілдері қатысты.

    Кеңесті Ресей Федерациясының Ресей тұтынушылард қадағалау басшысы А.Ю. Попова, Санкт-Петербург қаласының вице-губернаторы О.А. Казанская және ДДҰ ЕӨБ-сының қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы Төтенше жағдайлар мен жұқпалы аурулар бөлімінің басшысы Nedret Emiroglu ашты.

   GOARN желісінің жұмысы 2000 жылдан басталған.

   GOARN желісі — бұл аурулардың бұрқ етпесіне әрдайым дайындық көрсете алатын мекемелердің жұптасқан жобасы болып табылады. Бұл желі халықаралық маңызы бар аурулардың бұрқетпелерін анықтау және оларды дәлелдеуде кадрлер мен техникалық ресурстарды біріктіруге мүмкіндік береді.

   Аурулардың бұрқ етпесі және жауапты іс-қимыл туралы хабарлау жөніндегі Ғаламдық желісі (GOARN) аурулардың бұрқетпесі кезінде ошақтарға сарапшылар мен арнайы мамандардың дер кезінде келуін және мұқтаж заттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

   ДДҰ GOARN желісінің ресурстарын пайдалана отырып халықаралық жауапты іс-қимылды үйлестіреді.

   GOARN серіктестері төмендегі ұйымдарды қамтиды: зертханалар желісі, Біріккен Ұлттар Ұйымының мекемелері (мысалы ЮНИСЕФ, БҰҰ БЖКБ), Қызыл Крест (ХҚКК, Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай ұлттық қоғамдарының Халықаралық Федерациясы), Шекарасыз дәрігерлер сияқты халықаралық гуманитарлық үкіметтік емес ұйымдар (Халықаралық құтқару комитеті, Мерлин және Эпицентр).

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ