ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

   Қазан айының ортасында «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» Павлодар қ. «Сібір жарасының эпидемиологиясы және зертханалық диагностикасы» тақырыбында республикалық семинар, сондай-ақ «Аса қауіпті инфекциялар зетханаларында сапаны басқару жүйесін енгізу» атты тренинг өткізді. Семинар жұмысына Қазақстанның жетекші ғалымдары, республикалық, облыстық, аудандық ведомстволардың басшылары, облыстардағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарының және аса қауіпті инфекциялар зертханаларының эпидемиологтары, бактериологтары, сонымен қатар мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.   

   Семинарда жалпы республикадағы эпидемиологиялық жағдайдың өзекті мәселелері, сібір жарасы таралған ошақтарда жүргізілген профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралардың қорытындылары талқыланды. Зертханалық диагностика саласында әртүрлі проблемалар мен мәселелерді шешуде анықталған кемшіліктер және шешу жолдары туралы сөз болды. СЭСжМҒПО, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы және Қарағанды облыстарының жетекші ғалымдары мен мамандары, Павлодар қ. инфекциялық ауруханасының дәрігерлері, ветеринариялық қызметтің мамандары баяндама жасады. Тренингте зертханалық қызметтің бактериологтары, мүдделі ведомстволардың мамандары зертханаларда сапаны басқару жүйесін енгізу жөнінде ДДСҰ ұсынымдарын талқылады, бұл ретте өз уақытысында СДС халықаралық зертханаларында сапа жүйесін басқару жөнінде АҚШ-та (Атланта) оқудан өткен Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы мамандар өздерінің практикалық тәжірибесімен бөлісті.

   Қазіргі таңда Қазақстанда сібір жарасы бойынша қарапайым емес эпизоотиялық және эпидемиялық жағдай сақталып отыр. Тек қана 2016 жылы 9 ай ішінде Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарындағы тұрғындар арасында аурудың 19 жағдайы тіркелді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, емдеу – профилактикалық ұйымдарға сібір жарасымен ауырған науқастар аурудың асқынған (генерализденген) түрімен медициналық көмекке кеш жүгінген. Жалпы облыстардағы тұрғындардың қауіпті аурудың клиникасы және оның алдын алу туралы, медициналық көмекке кеш жүгінудің ықтимал ауыр салдары жөнінде қажетті ақпаратты білмейтіндігі байқалады. Әдеттегідей, жоғарыда аталған облыстардағы эпидемиялық жағдайдың нашарлауына ірі қара малды бақылаусыз сою себеп болып отыр. Табиғи, климаттық жағдай, сондай-ақ сібір жарасы бойынша қолайсыз стационарлық пункттердің бар болуы кері әсерін тигізеді. 2016 жылғы 1 шілдедегі ахуал бойынша Қазақстан Республикасы аумағында 1738 (2002 ж. бойынша 1948-ден - 1787) қолайсыз стационарлық пункт (бұдан әрі - ҚСП), 2677 ошақ тіркелді, мұнда 2015 ж. бойынша 1948-ден сібір жарасынан 25000-нан астам ауыл шаруашылық малы арам өлді және 2000- ға жуық адамның сырқаттануы тіркелді.

   Семинар кезінде жергілікті және республикалық БАҚ журналистерінің қатысуымен сібір жарасының алдын алу мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Аса қауіпті инфекциялар референс-зертханасының мамандары сібір жарасының негізгі алдын алу шаралары туралы қазақ және орыс тілдерінде таратпа материалын дайындады.

   Республикалық семинарда республика аумағында сібір жарасы бұрқ етпесінің барлық негізгі пайда болу себептерін көрсетті, барлық жүргізілген эпидемиологиялық тексерулерге толық түсініктеме жасалды, эпидемияқа қарсы және профилактикалық іс-шараларға толық талдау берілді. Семинарда зертхана мамандарының жұмысына көп көңіл бөлінді, семинарда өткізілген зертханалық зерттеулер, бұл ретте қиыншылық тудырған зерттеулер туралы да, сонымен қатар проблемаларды шешудің ықтимал жолдары жөнінде де сөз қозғалды.

                         

                        

                        

                      

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ