ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

СЭСжМҒПО-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Жиналысқа қатысқандар тәуелсіз Қазақстан мен оның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы деректі фильм көрді.  2011 жылы желтоқсан айында ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында «ҚР Мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Республика алдындағы ерен еңбегін атап өту мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мереке болып белгіленді.

Тарихқа үңілетін болсақ, 1 желтоқсан кездейсоқ таңдап алынған күн емес, 1991 жылы тап осы күні республика Президентінің бірінші бүкілхалықтық сайлауы өткізілді. Сайлауға қатысқан 88,2% сайлаушылардың ішінде басым дауыспен 98,7% жеңіске жетіп, Н.Ә.Назарбаев еліміздің Президенті болып сайланды. Тұңғыш Президент 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР атауын Қазақстан Республикасы деп қайта атау туралы Заңға қол қойды. Ал алты күннен кейін  - 1991 жылы 16 желтоқсанда – Жоғарғы Кеңес Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады, бұл Қазақстанның егеменді тәуелсіз ел болғандығын білдірді.  Қазіргі таңда Қазақстан заманауи демократиялық мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың орасан зор еңбегінің арқасында елімізді әлем танып жатыр.   

СЭСжМҒПО Бас директоры м.ғ.к. Еркін Ермекұлы Дүрімбетов Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кездесуі жайлы, жаңа Астананың қалыптасуы мен құрылуы жолындағы жұмыстар жөнінде айтып шықты. - Маған Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу бұйырды. Алғашқы кездесу 90-жылдардың басында болды, ол кезде, мен жас маманмын, Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасын басқардым. Өңірді әлеуметтік дамыту жөніндегі кеңеске Нұрсұлтан Әбішұлының өзі келді, сол кезде Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы  болатын. Шешілмей жатқан мәселелер мен проблемалар ол кезде аз емес еді, Нұрсұлтан Әбішұлының денсаулық сақтау саласындағы хал- ахуалды өте жақсы меңгергені мені таң қалдырды, медицинадағы болып жатқан барлық жағдайлардан хабардар еді,  барлық аурулар туралы білді және де сол кездегі денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешуге дайын еді.  Оның құзіреттілігі оған деген құрметті тудырды. Сосын жұмыс Астанада жалғасты, біздің командаға тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасын дамытып, аббаттандыру мәселесін шешуге тура келді. Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа ауруханалардың салынуына, олардың заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылуына көп көңіл бөледі. Астанада ең үздік дәрігерлер болуы тиіс деп, үнемі біздің Президент атап өтеді, - деп айтты Еркін Дүрімбетов. 

Е.Е.Дүрімбетов Тұңғыш Президент күні мерекесімен ұжымды құттықтап, зор денсаулық, отбасылық бақыт тіледі және біздің ортақ үйіміз – егеменді Қазақстанары қарай көркейе берсін деген тілегін білдірді.

           

                                  

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ