ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Президент Нұрсұлтан Әбішұлының: «Бұл – ғасырға, жүз жылдыққа тең келетін жылдар», - деген сөзі қанатты сөз болып естіледі.

Мемлекеттің бүкіл тыныс-тіршілігінің негізі тәуелсіздік болып табылады. Нақ Тәуелсіздікті нығайту – барлық мемлекеттік органдар қызметінің негізгі мағыналық өзегі. Сонымен қатар, бұл өте маңызды құндылық. Мемлекет және еліміздің әрбір азаматы Тәуелсіздікті сақтау үшін бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.

Еркіндік. Тәуелсіздік алғаннанкейін ел, халық және әразамат өзінің болашағын өзідер бес құрудашынайы бостандыққа қол жеткізді.  

Бірлік. Тәуелсіздік алған жылдардың басынан-ақ Қазақстан тең құқылыққа, достық пен келісімге негізделген барша халықтың бірлігін өздамуының негізі етіп алды. Осы жылдардың бәрінде Қазақстан сол қағиданы берік ұстанып келеді.

Ел бірлігін сақтау және нығайту - ең жоғарғы адамгершілік.

Тұрақтылық. Қазақстан өзінің барлық жетістіктері үшін елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірін сипаттайтын тұрақтылыққа қарыздар. Сондай-ақ жасампаздық пен өркендеу.

        Қазақ халқы көп ғасырлардан бері Тәуелсіздікке ұмтылып келді. Тәуелсіздікке қол жеткізуде көптеген ұрпақтың орасан еңбегі бар. Сондықтан мерекелеу әрбір қазақстандық үшін ерекше мәнге әрі маңызға ие болмақ. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – 2016 жылдың ғана емес, тәуелсіз мемлекеттің барлық жылдарының қорытындысы. Қазіргі таңда әлемдік қоғамдастық Қазақстанның орнықты, табысты, бәсекеге қабілетті мемлекет құру жөніндегі  жетістіктерін, жүргізіп отырған ұлттық бірлікті нығайтудағы саясатын жоғары бағалайды. Тәуелсіз Қазақстан аса беделді халықаралық ұйымдарды басқарды.  

25 жыл бұрын тәуелсіздікке қол жеткізе отырып, Қазақстан халқы дамудың жаңа жолына аяқ басты. 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Конституциялық заң қабылданды. Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың арқасында Қазақстан алғаш рет әлемдік қоғамдастық мойындаған, заңды ресімделген тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болды.Бұл заманалық оқиға – біздің халқымыздың көптеген ұрпақтарының орындалған армандары мен үміттерінің нәтижесі.Егемен дамудың 25 жылы ішінде Қазақстан әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына енді, Стратегия – 2030-ды мерзімінен бұрын іске асырды, Бес институционалдық реформалар мен Ұлт жоспарын жүзеге асыра бастады. Осы жылдары Қазақстан әлемдік саясатта айбынды күші бар Еуразия мемлекеттерінің біріне айналды.

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Біз туған елімізді бейбітшіліктің бесігіне айналдыра білдік. Бірлік пен береке – біздің басты байлығымыз, құн жетпес қазынамыз. Тәуелсіздік халықты Ассамблеяның – бейбітшілік пен келісімді сақтаушының біртұтас шаңырағының астында тұтастыра түсті. Біздің рухани бірлігіміз – зайырлы мемлекет пен қоғамның басты іргетасы».

Қазіргі таңда Қазақстан халықаралық аренадаүлкен беделге ие, еліміз халықаралық 70 ұйымның мүшесі болып табылады. Тәуелсіздік - бұл, ең алдымен, еліміздің экономикалық әл-ауқаттылығы. Қалыптасу кезеңдерінде халықтың өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін  артты, туу деңгейі өсті. Халық санының ВІӨ көлемі 40 есеге өскеніне қарамастан, негізгі капиталдағы инвестиция көлемі де  артты.

Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақстандықтар өз елімізді бірге құруға тарихи мүмкіндік алды. 25 жыл бойы тарихи дамуда  жұлқыныс жасап, еліміздің азаматтары күшті, динамикалық, заманауи мемлекет құруда еңбек етті. Бірліктің, ұйымшылдығының, рухының табандылығының арқасында қазақстандықтар экономикалық дамуға, азаматтық келісімге қол жеткізді. Бұның барлығы бірлескен еңбектің нәтижесі. Қазақстан мемлекеттік құрылыстың сапалы жаңа сатысына шықты.Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына ойдағыдай кіруі үшін Бірыңғай Болашақ Ұлт қалыптастыруда жалпыұлттық саяси идея Ұлт жоспарының базалық  векторы болды.

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді. Еуразиялық экономикалық одақта жұмыс істей бастады. 2015 жылы республика 43 орын алған әлемдік жетекші сарапшылардың топ-парақшасына кірді. Бюджеттік ұйымдардағы қызметкерлер мен мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы, зейнетақысы және әлеуметтік жәрдемақысы өсуде. Бұл ретте қазіргі жағдайда өз халқына осындай кепілдіктер ұсынуға қандай-да бір мемлекеттің дайын еместігін атап кету керек.

Біздің Отанымыздың астанасы – әдемі де көркем Астана. Оның жаңа орамдарында, алаңдарында, саябақтары мен сәулеткерлік шедеврлерінде біздің Тәуелсіздігіміздің Ұлы Тарихы айнадағыдай көрінеді. Астанаға деген сүйіспеншілік – әрбір қазақстандықтың перзенттік сезімі. Астана көз алдымызда күннен күнге көркейіп, құлпыра түсуде, қазір әлемдік деңгейдегі астана болып саналады.   

 Қазақстанның денсаулығы саласында көптеген істер жасалынып, жетістіктерге жетті. Ең алдымен, елімізде жаңа аурухана, емхана, медициналық орталықтар салынып жатыр,  оларды жаңа, заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандыру толық жүргізілуде, Қазақстан медиктері қазіргі таңда күрделі операция жасап жатыр, көптеген қауіпті ауруларды жеңуде.

Осының барлығына елдегі әрбір азаматтың тер төге еңбекетуінің нәтижесінде жетті. Еңбек әр қазақстандықты мейірбан, ал елді ұлы етеді. 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ