ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

2016 жылы республика бойынша жұқпалы және паразиттік аурулардың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты.

Республика аумағында  сырқаттанушылықтың 99 нозологиялық түріне санақ пен тіркеу жүргізілді. Сонымен, өткен кезеңде 22 жұқпалы ауруларбойынша төмендегенгі және 17 нозологиясы бойынша сырқаттанушылықпен тасмалдаушылық тіркелмегені белгіленді, сонымен қатар 22 жұқпалы аурулар бойынша сырқаттанушылықтың артқаны белгіленді.

Обаның, тырысқақтың, А, В және С паратифтерінің, пастереллездің, легионер ауруларының, дифтерияның, жіті полиомиелиттің, туа біткен қызамықтың, жіті вирусты Е және Д гепатиттерінің, В типті гемофильдік инфекциялардың, эпидемиологиялық бөртпе сүзегі, анкилостомидоздар, висцеральдік лейшманиоздің және бөртпе сүзегінің тасымалдаушы қоздырғыштарының, дифтерияның, безгектің паразит тасымалдаушыларының жағдайлары тіркелмеген.

Сырқаттанушылықтың: қызылша 19,5 есеге, менингококкты инфекция 3,6 есеге, көкжөтел 2,3 есеге, жіті вирусты гепатиттер 4,7%-ға, соның ішінде жіті вирусты В гепатиті 43,4%-ға, дизентерия 39,8%-ға, бруцеллез 22,7%-ға, туберкулез 23,6%-ға, оның ішінде тыныс алу органдарының туберкулезі 8,7%-ға; сальмонеллезды инфекция 14,2%-ға, іріңді менингит 12,1%-ға, жіті ішек жұқпасы 9%-ға төмендегені байқалады. 2015 жылға қарағанда тамақтан улану 5,9%-ға төмен тіркелді, ротовирус инфекциясының сырқаттанушылығы 4,9%-ға, сифилис 10%-ға төмендеген; риккетсиоздар 6 жағдайға; эхинококкоз 5 жағдайға және эпидемиялық паротит 1 жағдайға төмендеген.

Листериоз және  геморрагиялық қызба 1,6 есе; жіті вирусты С (32,3%-ға) және А (10,9%-ға) гепатиттері; педикулез 20%-ға; қышыма 8%-ға; созылмалы вирусты гепатиттер 6%-ға, соның ішінде дельта агентінсізсозылмалы вирусты В гепатиттері 7,9%-ға, дельтамен СВГВ 9 жағдайға және созылмалы вирусты С гепатиттері 4,8%-ға сырқаттанушылықтың артқаны тіркелді. Лептоспироз 10 жағдайға, кене энцефалиті 8 жағдайға, ботулизм 6 жағдайға, энтероколитик иерсиниеден туындаған энтериттер 3 жағдайға, қызылша және безгектің  2 жағдайға артқандығы байқалады. 

         2016 жылы күйдіргінің 19 жағдайы, туляремияның 6 жағдайы және трихинеллездің 22 жағдайы тіркелген.

Инфекциялық аурулардың алдын алуда мынадай қарапайым қағидаларды сақтау керектігін естеріңізге салғымыз келеді:

·        салауатты өмір салтын ұстану (толыққанды ұйықтау, таза ауада дем алу, белсенді демалыс, үйлесімді, дәруменге бай тамақтану), бұл кез келген инфекциямен күресуде организмге көмектеседі; 

·        сатып алынған өнімдердің қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімін мұқият қадағалау қажет;

·        жеке гигиена ережесін қатаң сақтау керек (тамақты дайындар алдында және тамақ ішердің алдында, жануарларды ұстағаннан кейін, дәретханаға барғаннан кейін қолды мұқият сабындап жуу);

·        тағам өнімдерін арнайы сатуға рұқсат етілген орындардан алу керек;

·        шомылуға арналған арнайы орындарда ғана шомылу қажет;

·        қайнатылған, бөтелкедегі немесе кепілдендірілген сапалы суды қолдану керек;

·        тұрғын үйде үнемі тазалықты, жеке гигиенаны сақтап, балаларға қайнатылмаған сүт өнімдерін, шикі жұмыртқаны бермеу керек, тағам дайындауға тек балғын өнімдерді қолдану  қажет;

·        жіті ішек жұқпасының белгілері болған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, құсу, іш өтуі және тағы басқа белгілер) дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

 

 

 

 

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ