ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

                    

Алматы қаласында «Алтын-Қарғалы» санаторийінде 2017 жылы 5 - 7 сәуірде  республикалық семинар-кеңес өтті. Бұл семинарды «Медицина, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және сараптамалау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Салалық кәсіподақ  2015 жылы 26 қазанда мемлекеттік қайта тіркеуден өтіп, Қазақстан Республикасында 5 дербес жергілікті кәсіподақты және 132 бастауыш ұйымды біріктіріп отыр. Былтыр 2016 жылы 11 - 12 ақпанда Салалық  кәсіподақтың 1-ші Съезі   өткізілген еді.Үш тараптық Салалық келісімнің негізінде Салалық кәсіподақ «2016 жылдың Үздік ұжымдық шарты» конкурсын өткізді. Осы семинар-кеңесте Комитеттің ведомстволық бағыныстағы органдары мен ұйымдары арасында өткізілген «2016 жылдың Үздік ұжымдық шарты» конкурсының қорытындысы шығарылып, ең үздік Ұжымдық шартқа «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ-ғы РМК ие болды.Кәсіподақ ұйымдастырушысы дипломмен марапатталды. 3 күндік  семинар-кеңесте Еңбек құқығының негіздері, Еңбек шарты және оны тоқтату тәртібі, Кәсіподақ органдарында салықтық және қаржылық есеп беру мәселелері 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексінің негізінде айтылды. Семинар-кеңеске қатысушылар Ұжымдық шарт бойынша көкейлерінде жүрген мәселелерді ортаға салып, ой-пікір бөлісті.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ