ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Тамыз 2018
Д С С Б Ж С Ж
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

 Европалық иммундау апталығы қарсаңында  2017 жылғы 3 сәуірде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми – практикалық орталығы «Вакцинология» ҚБ-мен бірлесіп «Қазақстан Республикасындағы инфекциялық аурулардың вакциналық профилактикасының өзекті мәселелері» (әрі қарай - Конференция) тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.      

Конференция жұмысында ТҚҚК аумақтық департаменттерінің 160 практикалық мамандары мен медицина қызметкерлері және Денсаулық сақтау басқармаларының облыстық және Алматы, Астана қалаларының, сондай-ақ ведомстолық қызметтің мамандары қатысты.      

Конференция барысында вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулардың әлемдік деректері, жаңадан еңгізілетін эпидемиологялық зерттеу нәтижелері, профилактикалық екпе күнтізбесінде аралас вакциналардың болуы, жеке мемлекеттер күнтізбелерінің ерекшеліктері, тәуекел топтардағы балаларды иммундау ерекшеліктерінің мәселелері, соның ішінде неврологиялық ақаулары бар тұлғалар, иммундаудан кейінгі қолайсыз көрсетілімдердің дифференциалды диагностикасы, вакциналық профилактика мәселелері бойынша халықтың коммуникациялық проблемалары мен олардан бас тартуы және басқа да иммундаудың өзекті мәселелері талқыланды. 

 Конференция пікірсайыс алаңына айналды, онда вакциналаудың тәжірибелік аспектілері, соның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесінде вакцинаның жоғары эпидемиологиялық, иммунологиялық тиімділік мәселелері, иммунология саласындағы жетекші ғалымдардың қатысуымен: профессор Гринберг Дэвид (Израиль, Бершева, Сорока Университеті, Балалар инфекциялық аурулар орталығының директоры),  Евгений Шпеер (Ресей, Мәскеу қаласы), Шмелева Наталья Петровна (Республикалық эпидемиология және микробиология ғылыми-практикалық орталығы, Беларус Республикасы, Минск қаласы), сонымен қатар отандық ғалымдар Каральник Борис  Вольфович, м.ғ.д, профессор, Х.Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының ғылыми қызметкері, Рамазанова Бахыт Амануйловна, м.ғ.д., профессор С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті (әрі қарай – ҚазҰМУ), Мухамбетова Гульнар Амерзаевна, м.ғ.к., ҚазҰМУ-дың неврология және нейрохирургия кафедрасының профессорлары және басқалармен талқыланды. Ақтөбе облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасарыМ.У.Сербаев халықты әлеуметтік жұмылдыру жөнінде жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

    

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ