ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

     Европалық иммундау апталығы қарсаңында  2017 жылғы 19 сәуірде Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми – практикалық орталығы (әрі қарай - СЭСжМҒПО) «Вакцинология» ҚБ-мен бірлесе отырып «Қазақстан Республикасындағы инфекциялық аурулардың вакциналық профилактикасының өзекті мәселелері» атты тақырыпта «Интерфакс Казахстан» ақпаратты агенттігінде пресс-конференция өткізді.  

Пресс-конференцияда А.М. Айқымбаев - м.ғ.д., СЭСжМҒПО профессор-консультанты,  А.М.Қуатбаева – м.ғ.к., СЭСжМҒПО-ның Инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық мониторингілеу департаменті директорының орынбасары, Г.А.Мухамбетова - м.ғ.д., С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің (әрі қарай - ҚазҰМУ) неврология және нейрохирургия кафедрасының профессоры, Г.Т.Ташенова – ҚазҰМУ-дың балалар аурулары кафедрасының ассистенті, РҚ ДСМ штаттан тыс бас педиатры, К.Х.Абдижаббарова– ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары, Ы.Абдулахад - Алматы қ. «Әскер Ата» мешіті имамының көмекшісі баяндама жасады, С.Е.Есентаева - м.ғ.д., Ғылыми медицина қоғамының басшысы және БАҚ өкілдері (КТК, Алматы, Хабар, «Караван», Экспресс-К, Эксперт здоровья, Казфармвестник, 365 info, Инвиво Веритас, Радио Азаттык) қатысты.   

Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы вакцинамен басқарылатын жұқпалар бойынша эпидемиологиялық жағдайы туралы, соның ішінде Алматы қаласы бойынша, Европалық иммундау аптасының мақсаттары мен міндеттері, халықты иммундауды ұйымдастыру және жоспарлау мәселелері, тәуекел топтардағы, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың вакцинаға көрсетілімдері және қарсы көрсетілімдері, сонымен қатар шетелге шығатын тұлғаларға екпе жасау, халықты иммундау барысында туындайтын мәселелер және вакциналау мәселелері жөнінде діни ұйымдардың ұстанымдары туралы айтылды.

Халықтың әлеуметтік жұмылдыру топтарын вакциналау мәселелері қаралды

 Пресс-конференция барысында БАҚ өкілдері қойған сұрақтарына толық жауаптарын алды. 

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ