ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

2017ж.  10-12 сәуірде  Болгарияда  София қаласында  лейшманиозды эпидқадағалау және бақылау бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық бюросының аймақтық кеңесі өтті.

Кеңес жұмысына Штаб-пәтердің және ДДСҰ Еуропалық бюросының өкілдері,  Аймақтың  18 елінен Ұлттық үйлестірушілер  қатысты. Қазақстаннан Ж.Ж.Шапиева (СЭСжМҒПО) «Қазақстанда лейшманиозды эпидқадағалау» тақырыбында баяндама жасап қатысты және М.Ж.Халықова (Оңтүстік Қазақстан облысы ТҚҚД) қатысты.

Кеңес бағдарламасына сәйкес, әлемдегі және Аймақ елдеріндегі  лейшманиоз бойынша қазіргі санэпиджағдай, эпидқадағалаудың және ұлттық бағдарламалардың өзекті бағыттары мен проблемалары, энтомологиялық және эпидемиологиялық мониторинг жағдайы бойынша еларалық ақпарат алмасу, бақылау және алдын алу шараларын орындау, ДДСҰ тарапынан елдерге көмек көрсету мүмкіндіктері мен перспективалары мәселелері қаралды және  талқыланды.

ДДСҰ Еуропалық бюросы жаңа бағдарлама - LeishMan Network ұсынды, ол Аймақтағы лейшманиозбен сырқаттанушылық жағдайын  онлайн режиміне  енгізуге   және  санэпиджағдайды шұғыл талдау  мақсатында елдердегі деректер базасын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

ДДСҰ сарапшыларының деректері бойынша, қазіргі таңда әлемде 431 млн. адамда висцеральды лейшманиоз (ВЛ) ауруын жұқтыру қаупі бар, 616 млн  адамда тері лейшманиозын (ТЛ) жұқтыру қаупі бар.  25 ел жоғары эндемиялық аймаққа жатады. Жыл сайын 50 000 – 90 000 висцеральды  лейшманиоз,  0,7-1,3 млн тері лейшманиоз жағдайлары тіркеледі.

Латын Америкасында висцеральды лейшманиоз күрделі мәселе болып отыр, әсіресе Бразилияда жыл сайын 3 700 жағдай тіркеледі. ВЛ және АИТВ ко-инфекциясы сырқаттанушылығының өсу үрдісі байқалады: 2001-2002 жж. – 20- 40 жағдай, 2007-2008 жж.– 90-125 жағдай., 2012 ж. – 210 жағдай. Африканың  Судан, Сомали, Уганда, Кения елдерінде ВЛ бойынша эпиджағдай қолайсыз. Оңтүстік Шығыс Азияда (негізінен бұл Үндістан, Бангладеш, Непал) висцеральды лейшманиоз ауруының төмендеу үрдісі байқалады: егер он  жылдан астам уақыт бұрын жыл сайын 50 000-ға дейін жағдай тіркелсе, 2014-2015 жж. 10 000 жағдайдан тіркелген. 

Еуропалық аймақтағы лейшманиозбен сырқаттанушылық деректері  төменде келтірілген кестеде көрсетілген. Аймақтағы эпиджағдай салыстырмалы түрде тұрақты, бұл аурудың висцеральды және терілік түрлері тіркеледі; жекелеген  елдерде сырқаттанушылықтың артуы байқалады.

 

 

 

 

 

Кесте - 2013-2016 жж. ДДСҰ Еуропалық аймағы елдеріндегі тері және висцеральды лейшманиоз (ТЛ, ВЛ) бойынша жағдай.

Елдер

ТЛ

ВЛ

2013

2014

2015

2016

2013

2014

2015

2016

Өлім-жітім жағдайы

Әзербайжан

33

15

18

35

14

6

28

35

м/ж

Армения

-

-

-

-

7

9

18

17

4

Грузия

5

0

1

0

99

45

51

51

1

Қазақстан

14

14

24

179

-

-

1

-

1

Қырғызстан

Лейшманиозға эпидқадағалау жүргізілмейді

Ресей 

5

4

2

1

3

1

1

2

-

Түркменстан

59

55

49

52

-

-

-

1

-

Тәжікстан

86

128

83

60

63

47

26

25

5

Албания

2013г. – 56 жағдай., 2014г. – 37 жағдай. (клиникалық нысандар бойынша бөлінбейді)

Болгария

-

-

-

-

13

12

5

3

1

Греция

1

1

4

14

75

82

64

57

3

Израиль

323

345

226

218

7

1

4

1

2

Испания

176

525

м/ж 

м/ж 

176

191

170

н/д

4

Италия

78-96 жағдай (жылдар бойынша жағдай динамикасы жоқ)

м/ж 

45-77 жағдай (жылдар бойынша жағдай динамикасы жоқ)

м/ж 

м/ж 

Македония

-

-

-

-

20

11

4

5

1

Түркия 

2268

1678

1986

1471

33

22

23

23

-

Франция

93

84

110

77

17

16

18

24

-

Черногория

-

-

-

-

4

3

5

6

1

                     

 

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ