ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Бүгінгі уақытта көптеген Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америка елдерінде паразиттік ауруларды жұқтырудың тәуекелі жоғары сақталып отыр. Халықтың қарқынды көші-қон жағдайында, белсенді туризм, халықаралық, экономикалық, көлік және т.б. байланыстардың дамуы - Қазақстан аумағында көптеген тропикалық паразиттік аурулар әкелінуі мен таралуының қаупін арттырады.

         Тропикалық елдердге  барған кезде өзінің денсаулығына салғырт қарау потенциалды жұқтыру қаупі мен асқынулардың дамуын ғана емес, сондай-ақ кейбір аурулардың, әсіресе тропикалық безгекті жұқтыру және уақытылы диагностика және емделмеген жағдайда өлім-жітімге әкелуі ықтимал.

         Мәселен, 2017 жылы  маусым айында  Алматы қаласында Қазақстан азаматшасында тропикалық безгек кірме жағдайы тіркелді, ол саяхат мақсатымен ұзақ уақыт африка елдерінде - Танзанияда болған. Ұсынылған кезеңде тропикалық безгектен химпрофилактикадан өтпеген. Алматыға қайта оралғаннан кейін ауырып қалған. Қазіргі уақытта науқас инфекциялық стационарда ем қабылдап жатыр.

         Тропикалық белдеуге сапар жоспарлаған жағдайда баратын нақты елдегі  паразиттік аурулардың эпидемиологиялық жағдайымен танысу қажет  және жеке алдын-алу шараларымен, сондай-ақ ұлттық саябақтарға, джунглиге, су қоймаларына барған кезде өзін өзі ұстаудың қарапайым ережелерін сақтауы тиіс. Осы шарттарды сақтаған жағдайда  жұқтыру қаупін төмендетеді.

         Мысалы, тропикалық безгек бойынша қолайсыз елдерге  сапар еткенде, міндетті түрде химиялық профилактика өткізу қажет, оның емдеу кестесін дәрігер ұсынады. Бұдан басқа, көптеген эндемиялық елдерде, ауру қоздырғышы бірқатар белгілі дәрілік препараттарға сезімталдығы жоқ, тропикалық безгектің тіркелгендігін білгені абзал.

         Эндемиялық елдерге барған кезде және қайнамаған суды ішкенде (тіпті су құбырынан), әсіресе салат түріндегі шикі көкөністер мен жемістерді жегенде, шикі тартылған етті, қан қосылып жасалған бифштекстерді, кәуаптар және басқа да жеткіліксіз термалдық өңделген ет және балық тағамдарын пайдаланған жағдайда ішек паразитоздарын (гельминтоздар және протозооздар) жұқтыру қаупі артады. Қабығында жүздеген гельминттердің дернәсілдері болуы ықтимал шаяндарды, таңқышаяндарды, су жаңғақтарын тамаққа  қолданған кезінде сақ болу керек. Ластанған ағынсыз және ақырын ағатын су қоймаларында жұмыс жасағанда немесе шомылғанда, күріш алқаптарында, дұрыс емес орнатылған суару арналарында кейбір гельминтоздарды  жұқтырудың орын алуы мүмкін. Маса, шіркей, соналар және басқа да қан сорғыш жәндіктер шаққан кезінде паразиттік аурулардың болуы мүмкін.

         Осылайша, арнайы алдын-алу шараларына қоса жеке гигиена ережелерін сақтау туралы ұмытпау керек. Су және азық-түлік өнімдері жеткілікті термиялық өңделген болуы керек. Қолды, көкөністерді, жеміс-жидектерді мұқият жуу керек. Шикі сүт өнімдерін ішуге, жалаң аяқ жүруге болмайды,  жағажайда төсемде және ағаш төсекте жату керек. Өзін масалардың шағуынан қорғау (ұйықтауға арналған шымылдықты, репелленттерді, инсектицидтерді пайдалана отырып), кеміргіштермен жанасуды болдырмау.

         Аурудың клиникалық симптомдары инкубациялық кезеңнің ұзақ мерзімінен кейін (үшкүндік безгек ауруы тропикалық гельминтоздар және т.б.), яғни отанына оралғаннан кейін пайда болуы мүмкін екенін білу маңызды. Бұл жағдайда, дәрігерге жүгінген кезде шетелде болған мерзімдерін көрсету керек.

 

         Барлық айтылғанға қосымша ең аз дәрі-дәрмек қоры (безгекке қарсы, іш-өтуге қарсы, антисептикалық, суды зарарсыздандыру үшін бактерицидтар, күйікке қарсы қорғаныш крем, жақпа және аэрозоль түрдегі репелленттер, бинттер, қарапайым және бактерицидті лейкопластырь, т. б.) болуы қажет.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ