ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Қазіргі кезде адамдардың өмірі мен қоршаған ортаға қатер төнуін болдырмау мақсатында ООЛ – мен, сынаппенмедициналық қалдықтармен ластау мәселелері өте маңызды және өзекті болып табылады.

Қазақстан қазіргі таңда тек өз өңірінде ғана емес, сондай-ақ барлық Еуразиялық кеңістікте экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуде  маңызды рөл атқарып отыр. «СЭСжМҒПО» ШЖҚ-дағы РМК-ның ғылыми басқармасының және  БҰҰДБ/ЖЭҚ-тың ұйымдастыруымен «Орнықты органикалық ластағыштарды, сынапты, медициналық қалдықтарды қауіпсіз қолдану» (29-30 маусым, 2017 ж.) тақырыбында Юг-Юг аймақтық тренингі өткізілді.Тренингтің (семинардың) қонақтары БҰҰДБ мамандары және  Өзбекістан, Қырғызстан, Азербайджанның мемлекеттік ұйымдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік және жекеменшік ұйымдары мен «СЭСжМҒПО» ШЖҚ-дағы РМК-ның мамандары болды.

Осы тренингте орнықты органикалық ластағыштар мәселелерін талқылауға мүмкіндік ашылды. Осы мәселелер бойынша семинардың алғашқы күні   БҰҰДБ/ЖЭҚ қызметкерлері - Н.В. Гор, С. Баешева баяндама жасады және сонымен қатар СЭСжМҒПО мамандары м.ғ.д., А.Ш. Нажметдинова, С.Д. Рощина практикалық сабақтар өткізді.  Семинардың екінші күні сынаппен және медициналық қалдықтармен ластау мәселелері талқыланды. Атқарылған жұмыстар туралы А. Шаханова (БҰҰДБ сарапшысы), Михаил Ким («Адами денсаулық институты» ҚБ), Д.Аманбаева (Казгидромет, Астана қ.) және Г.Ш.Жайлаубековалар («СЭСжМҒПО» ШЖҚ-дағы РМК) баяндама жасады.

Тренинг қатысушылары баяндамашыларға белсенді түрде сұрақ қойып отырды, ұсынылған барлық тақырыптар талқыланды. Семинардың қорытынды бөлігінде елдерде 2020 жылға дейін жүзеге асырылатын, негізгі бағыттар мен шешу жолдары талқыланды.

 

 Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификат берілді.

Фотоматериалы

Инфографика

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ