ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ

Қазақстанда вакцинация сұрақтары, оның ішінде менингококк инфекциясының алдын алуына арналған тегін қауырыт желі:  88000-700-830 аптаның 7 күні бойына сағат 8.00 - ден 24.00 дейін жұмыс жасайды. 

Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Тамыз 2018
Д С С Б Ж С Ж
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

Тарихи қалыптасу бойынша, Қазақстанның аумағында 100-ден аса тілдер дамуда және қолданылады. Мемлекеттің негізгі заңы - ҚазақстанРеспубликасының  Конституциясында «Мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады», - деп жазылған.  Президент Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше тілді білуге шақырады. Қазіргі таңда жас ұрпақ ағылшын тілін үйренуде, өйткені бұл тіл халықаралық деңгейдегі тіл. Бұл – көптеген елдердің ресми тілі. Ана тілін жақсы, жетік білу, шет тілінің мәнерлеп оқу құралдарын пайдалана білу   –адамның қоғамдық және шығармашылық өмірінде әрбір адам үшін сүйініш, мақтаныш. 

2017ж. 3қазанда «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ-ғы РМК-да ҚР халықтарының Тілдер күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шараға қоғам қайраткері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Осман Асылы Әлиқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев сыйлығының иегері Есетова Гүлшара Есетқызы және Алматы қ. медициналық мекемелерде қызмет істейтін мемлекеттік тіл мамандары шақырылды. СЭСжМҒПО Ғылыми қызмет және дипломнан кейінгі білім басқармасының бастығы, м.ғ.д., профессор Нажметдинова Айман Шаймарданқызы құттықтау сөз сөйледі. 

Қазақстанның латын әліпбиін қабылдауы – бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұсынып отырған еліміздегі реформалық бағдарламаның маңызды құрамдас бөлігі.  ҚазақстанныңПрезиденті үкіметке қазақ әліпбиін латын жазуына көшіру жоспарын әзірлеуді тапсырды.  Латын әліпбиі, көптеген елдердің, оның ішінде түркі тілдес елдердің тәжірибесі көрсеткендей, латын жазуы емле ережелері, фонетикалық тұрғыдан функционалды және оңай меңгеріледі. Латын графикасы қолданысқа бейімдірек және оңай қолжетімді болып саналады.  

 Қонақтар адамдар арасындағы өзара түсінісу құралы саналатын тіл адамзат үшін қызмет ететіндігін атапөттіТілдің даму тарихы қоғамдық өмірментығызбайланысты. Бұл түсінікті де. Адам қоғамда өмір сүреді. Ол үнемі басқа адамдармен байланыста болады. Тіл қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тіл арқылы адам өз ойын, арман-тілегін, сезімін білдіреді. Әр халықтың тілі – өзіне тән қымбат да қимас қазына болып саналады.

 

 

 

 

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ