ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІНІҢ  «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА  ЖӘНЕ  МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»  ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК  КӘСІПОРНЫ


Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Мамыр 2018
Д С С Б Ж С Ж
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

ҚР ДСМ ҚДСК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және  мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ-дағы РМК-да  кадрлық және құқықтық жұмысты ұйымдастыру департаментінің  ұйымдастыруымен 03.11.2017ж. сағат 10.00-де «Мемлекеттік тіл саясаты: жетістіктері, проблемалары және шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Сүлеймен Демирел ат. университеттің кеңесшісі, филол. ғ. докторы, профессор Дандай Ысқақ, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, филол. ғ. кандидаты Жанар Жұмабаева; С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің қалыпты анатомия кафедрасының доценті, мед.ғ.кандидаты Б.Ш.Шәкенов, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының оқытушысы, Республикалық терминкомның денсаулық сақтау саласы бойынша сарапшысы Н.Ә.Төлеева, Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бөлім меңгерушісі, филол. ғ.кандидаты Б.Ә.Қалымбет, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік тіл саясаты жөніндегі ресми өкілі Анар Бейсенқызы, «Нұр Отан» партиясының Алматы қ. Бостандық аудандық филиалының кеңесшісі Байғали Әбдәліұлы және Алматы қаласы мен Алматы облысындағы  республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау саласындағы ғылыми орталықтардың тіл мамандары қатысты. Мекеме басшысы Е.Е.Дүрімбетов дөңгелек үстелдің модераторы болды.

         Шарада мемлекеттік тіл саясатының жетістіктері, проблемалары, шешу жолдары, терминология мәселесі, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі, қолданыстағы медицина терминдерінің ұтымды баламаларын пайдалану жолдары, мемлекеттік тіл бағдарламасының құрамдас бөлігі - Қазтест туралы мәселелер талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға мекеме басшысы Алғыс хат, сертификат тапсырды.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны