ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІНІҢ  «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА  ЖӘНЕ  МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»  ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК  КӘСІПОРНЫ


Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Ақпан 2018
Д С С Б Ж С Ж
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 1 2 3 4
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

         Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының эпидемиологтары Алматы қаласында 2017 жылдың 17-18 қарашасында өткен екінші Әлеуметтік-медициналық форум жұмысын ұйымдастыруға қатысты.  Форум жұмысы  2 сессияда өтті:  «Вакцинациялаудені сау ұлт» және онкология сұрақтары бойынша.

Форумның бірінші күні  медицинсалық қызметкерлерге арналды. Сессияны  құттықтау сөзімен  ҚР бойынша  иммунизация сұрақтары бойынша  комиссия мүшесі, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің  эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас эксперті Әзімбаева Н.Ю. ашты. Сессияны   журналист Пономарев С.М. және  Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының жұқпалы және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық мониторингілеу Департаменті директорының орынбасары   Куатбаева А.М. жүргізді.

Сессия жұмысына ҚР бойынша  иммунизация сұрақтары бойынша  комиссия мүшелері, ғалым-эксперттері, Өзбекстан Республикасының  эпидемиолог-ғалымдары, үкіметтік емес ұйымдар, діни конфессиялар өкілдері қатысты. ҚР бойынша  иммунизация сұрақтары бойынша  комиссия мүшесі, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің  эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас эксперті Н.Ю. Әзімбаеваның, Өзбекстан Республикасы  эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтының доценті, м.ғ.к  Н.У. Таджиеваның, С.Д. Асфендияров атындағы ҚАЗНМУ жанындағы  «Б.А. Атшабаров атындағы фундаментальды және қолданбалы  медицина  институтының» директоры, м.ғ.д. Л.Т. Ералиеваның, «Хамза Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының»  бас ғылыми қызметкері, медициналық иммунобиологиялық препараттар бойынша  эксперт, м.ғ.д., профессор  Б.В. Каральниктің,  д.м.н., профессора, эксперта «Дәрілік заттар, медицианды қолданылатын бұйымдар және медициналық техниканы  Ұлттық сараптау орталығының»эксперті , м.ғ.д., профессор Ж.А Сатыбалдиеваның, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының жұқпалы және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық мониторингілеу Департаментінің директоры   М.А. Смағұлдың, С.Д. Асфендияров атындағы ҚАЗНМУ неврология және нейрохирургия кафедрасының профессоры Г.А.Мухамбетованың баяндамалары тыңдалды.

         ҚР ДСМ ҚДСК  облыстық және қалалық Департаменттерінің өкілдері  профилактикалық  егулерден бас тартудың алдын алу және хабарландыру – түсіндіру жұмыстары жүргізудегі тәжірибелерімен бөлісті. Медициналық қызметкерлердің  иммундаудың тәжірибелік  сұрақтары, жаңа, заманауи  вакциналарды Қазақстан республикасының ұлттық күнтізбесіне енгізу, тұрғындарды  әлеуметтік мобильдеу бойынша сұрақтарына   Әзімбаева Н.Ю., Смағұл М.А., Каральник Б.В., Қуатбаева А.М., Ералиева Л.Т., Мухамбетова Г.А., Рамазанова Л.А.  жауап берді. Форум барысында журналистермен Әзімбаева Н.Ю., Қуатбаева А.М. қатысуымен баспасөз конференциясы  ұйымдастырылды.

Сессияның екінші күніне  ата-аналар мен балалар, үкіметтік емес ұйымдар, діни конфессиялар өкілдері, журналистер шақырылды. Сонымен қатар  «Ержүрек вакцина» ертегісінің  авторы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген педагогы Қуатбаев Мухан қатысты.  Бүгінгі балалар- Ұлы даланың, Мәңгілік елдің болашағы ­- деген  алғысөзбен  Парламент Мәжілісінің депутаты, балалар құқығы бойынша  бірінші уәкілеті Зағипа Балиева ашты. 

Барлық шақырылған  ата-аналарда  білікті мамандардан сұрақтарына жауап алуына мүмкіндігі болды. Форум аясында  «Ержүрек вакцина» ертегісінің  желісімен спектакль қойылды. «Кел, ертегі суретін саламыз» республикалық конкурсының жеңімпаз балаларын  марапаттауды  Парламент Мәжілісінің депутаты, балалар құқығы бойынша  бірінші уәкілеті Зағипа Балиева жүргізді.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны