ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІНІҢ  «САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА  ЖӘНЕ  МОНИТОРИНГ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»  ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК  КӘСІПОРНЫ


Видеоматериалы

Жаңалықтар архивы

Ақпан 2018
Д С С Б Ж С Ж
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 1 2 3 4
  • Слайд 1
  • Слайд - 2

      Алматы қаласында 7-8 желтоқсанда  ҚР ДСМ ҚДСК «Санитариялық-эамдемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ-гы РМҚ-ның  ұйымдастыруымен  Паразиттік аурулардың  диагностикасы бойынша Республикалық семинар өтті.

        Паразиттік инвазия әлемнің көптеген елдерінде сырқаттанушылық пен өлім-жітімнің негізгі себебі болып отыр, бұл ретте олар көбінесе спецификалық емес симптомдарымен және белгілерімен байқалады. Зертханалық талдау паразиттік инвазияның науқаста бар екендігін немесе жоқ екендігін айқындау үшін қажет, бар болған жағдайда паразиттің қандай түрі ауруды қоздырып отырғандығын анықтау үшін керек. Зертханалық талдау паразиттік аурудың диагнозын қоюда  маңызды рөл атқарады және тиісті емдеу препаратын таңдауды анықтайды. Паразиттік ауруларды сапалы зертханалық диагностикалаудың маңыздылығы көптеген жағдайларда олардың клиникалық және эпидемиологиялық диагностикасының қиындығымен айқындалады.

      Семинарда бағдарламаға сәйкес паразиттік ауруларды зертханалық диагностикалау мәселелері мен проблемалары, сондай-ақ эпидемиологиясы, клиникасы және профилактикасы  талқыланды, паразиттік ауруларды диагностикалауға арналған  заманауи құрал-жабдықтарды көрсете отырып  практикалық сабақтар өткізілді.

 

      Семинар жұмысына С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің ғалымдары, сонымен қатар барлық облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының  Ұлттық сараптама орталықтары филиалдарының мамандары қатысты.

Фотоматериалы

up_podval
line

Қазақстан Республикасы, индекс 050008, Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84. Сатпаев қиылысы
тел: 8(727) 375 61 55,
e-mail: npc@npc-ses.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны